Кириллица халқымызға жасалған геноцидтің соңғы нүктесі

15.12.2018, 22:06

90

Әңгімені бүгінгі күннің ең негізгі тақырыбы – латын алфавитіне көшуден бастасақ. Бұл мәселеге басымдық беріліп отыр және жүзеге асыру мерзімі де нақтыланып қойды. Грамматикалық нормаларға қатысты жекелеген техникалық түзетулер де қолға алынды. Латын қарпіне көшудің жайдан-жай қолға алынып отырмағаны, болашақ үшін маңызы зор екені баршамызға белгілі. Бірақ, бір таңғаларлығы, реформаға сын тағушылар біз ойлағаннан да көп болып шықты, атап айтқанда, бұрынғы империяны аңсап жүрген ұлы держава жанкүйерлері де сын айтуда.  Президентті сынаушылар қатарында жекелеген демократтар және олардың идеялық басшылары мен қаржылық демеушілері де бар. Тіпті, либерал, зиялы деп жүрген жандардың тарапынан да «дәл қазір мұның не қажеті бар еді, басқа мәселенің бәрі шешіліп бітіп, қаріп ауыстыру ғана қалды ма?» деген күңкіл естіледі. Неге бұлай? Бәлкім, расында да, алфавит ауыстыру тұрақты, экономикасы дамыған, ешқандай проблемасы жоқ қоғамға жарасатын шығар, қалай ойлайсыз? Әңгіме Мұхтар Әблязовтің сөзі туралы болса, айтарлықтай жаңалық ашты деп ойламаймын. Мақсатына сай келмейтін, пайда әкелмейтін дүниенің бәрін қызықсыз және қажетсіз деп білетін коммерсант-саясаткерге тән әңгіме. Ондай саясаткерлер үшін мәдениет, тіл, менталитет деген маңызды емес. Егер шындықтың жүзіне тура қарай алса, әрине. Музыка адамды түбегейлі өзгерте алады, бірақ мұны саңырауға түсіндіру қиын. Сол сияқты иісалмас, дымбілмес адам да мүгедекке тән, ондайларға тек қана аяушылықпен қарау керек.Керісінше болуы да мүмкін, яғни олар бәрін тамаша түсінеді, бірақ ұлттық мүддеге басымдық беруге саналы түрде қарсы. Бұл да жаңалық емес. Жалпыадамзаттық құндылықтардың пайдасы туралы түсініксіз әңгіме Құрама Штаттардан бастап, Ресейге дейінгі аралықта үнемі айтылып жүр. Соңғы уақытта АҚШ-тағы Трамп тарапынан болсын, Бразилиядағы Жаир Болсонару тарапынан болсын, мұндай құндылықтарды дәріптеушілердің бірнеше рет оңбай жеңіліске ұшырағаны тағы бар. Жансыз әрі пайдасыз нәрсені жақсы көретіндер Отанын сүйетіндерден ұтылатыны жиі кездеседі. Ал қазақтың ұлтшыл емес демократтарына келсек, олар бір нәрсені айтпай қалып жүр. Олар дамыған мемлекет үшін қандай алфавит болғаны маңызды емес дегенді айтқанда, ойын соңына дейін айтпай, іште бүгіп қалады. Ондай болса, олар үшін қай тілде сөйлеу де аса маңызды емес болғаны ғой?Егер көздегенің бір ғана дүние болса, яғни президенттер тұрақты түрде сайлауға түсіп, ауысып тұрғанын ғана көздесең, ол үшін қазақтардың аса қажеті де жоқ. Екпіні қатты болғанымен, олардың мақсаты біреу ғана – кез келген жолмен қазіргі биліктің ауысуына қол жеткізу. Әлбетте, демократия құндылықтары, әділ сайлау деген қажет әрі пайдалы. Бірақ, ұлт болмаса, еркіндік деген ешқандай да құндылық емес, жәй ғана процедура болып қалады. Мұндайда ұлт деген музейдегі экспонат қана сияқты болып қалады. Кейде олай да болмауы мүмкін.   Бірінші кезекте шындықтың бетіне тура қарау керек. Кириллица деген біз үшін жеке бір жазу нұсқасы ғана болса, оның артықшылығы туралы ұзақ айтысуға болар еді. Кириллица деген – міндеттеме. Бұл – қазақтың үнін өшіріп, өзін жою үшін миллиондаған қазақты өлтірген, халқымызға жасалған геноцидтің соңғы нүктесі. Олардан өлердей қорықты, сондықтан да көзін жоюға тырысты. Ал кириллица деген – тірі қалғандар қанды қырғынды естен шығармау үшін концлагерь басшыларының ойлап тапқан қорлық таңбасы. Ендеше, латын қарпіне қатысты «уақыты келген жоқ», «бұл маңызды емес», «проблемасы көп» дейтіндердің әрқайсысы Голощекин бастаған қандықолдардың жақтасы екенін де мойындауы тиіс. Халықты жаппай қырып-жойып, тұтас бір ұлттың өмір сүру хақына қол салғандарды қолдаушы екенін мойындауы керек.  Шын мәнінде жағдай осылай. Иә, әріп пен қаріпте тұрған ештеңе жоқ сияқты. Бірақ әріп тек сауат ашу оқулықтарында ғана жеке түрде кездеседі. Ал өмірде онымен жазады. Алфавиттің реформасы біздің тарихымызды жендеттердің мұрасынан тазартады. Әділдік орнатады. Ал онсыз болашаққа қадам басу мүмкін емес.  Сіз айтып отырған ұлтшыл емес демократтар да латын қарпіне көшу жаңа қиындықтарға жол ашады деп есептейді. Олар білікті оқытушылардың жетіспейтінін, халықтың жаңа графиканы басынан оқуы қиындық тудыратынын алға тартады. Ешқандай дайындығы жоқ елде күрделі реформа жүргізуді қолға алған билікті кінәлайды. Дарынсыздарға иек артудың өзі – дарынсыздық. Әрине, көпшілікті жаппай латын алфавитін үйренуге қабілетсіз, бейшара етіп көрсету – тым әсірелеу. Сонымен бірге, биліктің үштілділікті меңгерген миллиондаған адамның латын қарпіне оңай өтетіні туралы тезисі де – әсірелеу. Дегенмен, үнемі қара аспанды төндіре бергеннен гөрі, әсірелеу болса да позитив жақсы. Латын қарпін үйренуге қабілетсіз бейбақтар туралы әңгімені ойлап тапқан да сондай бейбақтар. Жастар, балалар, орта жастағы адамдар бізде көпшілік. Ал осы көпшілік латын қарпін түсініп қана қоймай, оны емін-еркін қолданады, қабылдайды да. Еш қиындықсыз оқып, жаза алады. Соған қарағанда, жекелеген қабілетсіз адамдар бір тасада тығылып тұрса керек. Екі сөздің басын құрап, сауатты сөйлеуге де жұрттың барлығы бірдей қабілетті емес. Сонда қалай, біз сондайлардың мүддесін (нақтырақ айтсақ, жалқаулығын) басшылыққа алуымыз керек пе? Қабілетсіз адамдарға бейімделген ел болуымыз керек пе?Ұлтшыл емес демократтардың пікірін сөзбе-сөз келтірсек, реформаның қиындығы көп және ол ел-жұрттың білімсіздігі мен сауатсыздығына алып келеді. Ел-жұрт, тұрғындар деген кеңестік кезеңнің сүйікті сөзі. Қазіргі ел билегісі келетіндерге де сол тұрғындар болғаны ыңғайлы. Өйткені олар үшін қандай қаріппен жазса да, қай тілде сөйлесе де, бәрібір. Олар ештеңе оқымайды да. Сөзі де қарабайыр. Ештеңені өзгертпеу үшін таптырмайтын тобыр.Бұдан әрі қарайғысы тіптен қызық: бізде жазу жүйесі бар ғой, соны пайдалана беру керек. Бұл қисынға салсақ, бізде қазір билік бар ғой, солар басқара берсін деу керек (айтар ойын соңына дейін жеткізу бұлар үшін үлкен проблема екенін осыдан-ақ байқаңыз). Екінші тұжырымға өре түрегелетіндер алғашқысын неге қалыпты деп ойлайды екен?Кеңестік билікті аңсаушылар үшін тұрғындар керек (өздері капиталистік пиғылда болса да). Қабілетсіз, дарынсыз, кезекке тұратын және теледидар көретін көпшілік олар үшін қолайлы. Ал ұлтшылдар тұлғаға басымдық береді. Еркін және талантты тұлғалар кедергіге кез болса да, оның себебін біледі және одан билік болуға ұмтылады. Халық та «тұрғын» емес, тұлға.Латын қарпіне қарсы топтың тағы бір аргументі бар. «Латын қарпіне көшу дамыған елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік береді дегенді қайдан шығардыңдар?» дейді. Қытайлар иерогрифтерімен жазып жүр ғой, одан бас тартатын да ойы жоқ. Соған қарамастан, экономикалық өсім жөнінен алдына жан салмайды дегенді алға тартады. Бұл да алфавитті үйренуге қабілетсіздердің қамын күйттеген секілді аргумент… Ал Қытай өзінің иероглифтерімен жазып жүр, біз сияқты өзгенің кириллицасымен жазып жүрген жоқ. Поскеңестік кеңістіктегі Армения мен Грузия да өз қарпімен жазады.Латын қарпі бізді бірінші қылмағанмен, екінші сортты болудан құтқарады. Кириллица сырттай баға беретіндей ерікті түрде өткен қарпіміз емес. Бұл – тарихи геноцидтің элементі, оның басқалай мәні жоқ. Ал латын қарпі еркін түркі халықтарымен арада алтын көпір бола алады және солармен бір өркениет толқынында болуымызға да негіз болады. Қажетті, негізгі және жанымызға жақын дүниені бір-бірімізбен бөлісуге, олардың озығын қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдағы қазіргі биліктің еңбегін бағалау керек. Ең бастысы – әрекет бар. Ал негізді түрде түсіндіру әлі де кешігуде және кемшін түсіп жатыр.Әрекет тұрғысынан билік кешігіп қалған жоқ па? Біздің көршілеріміз мұндай реформаны тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдары бастап кетті ғой. Бізге де сол кезде бастап кетуге не кедергі болды?Орынды сұрақ… Меніңше, бізге табанды әрекет жетпей жатады, тарихи өзгерістерге келгенде барлық жауапкершілікті мойынға алу кемшін түсіп жатады. Әдетте сынағаннан оңай тірлік жоқ дейді ғой. Шын мәнінде олай емес.Басқа түркі халықтары мұндай геноцидті бастан кешкен жоқ, халқының жартысынан айырылған жоқ. Олар демографиялық теңсіздікке ұрынып, өз жерінде азшылық болған жоқ. Кеңестік биліктің басқаруында отырып та олар туған тілін сақтап қалды. Өзбекстан да, Әзербайжан да дәл біз сияқты ұлтсызданған жоқ. Тоқсаныншы жылдары қазақтар айтарлықтай азшылық болатын, саны жөнінен емес, туған тілін білу деңгейі жөнінен жағдайы мәз емес еді. Көршілерімізге дәл бізге төнгендей қауіп-қатер төнбеді, біздегідей елінің жартысы Донецк «халық» республикасы болып кете жаздаған жоқ.Тарихтың соты асықпайды. Егер іс тұрғысынан алсақ, көршілермен салыстырғанда Назарбаев үлкен қадам жасады. Оның қырағылығы, алысты болжай алатын қабілеті де нәтижесін бермей тұрмайды. Қазір біздің демографиялық жағдайымыз мүлдем бөлек. Әрі авторитарлық саяси нормалар биліктегі кландар үшін тек ғана артықшылық емес (сонымен бірге, коррупцияға да мейлінше жол ашып отыр, бұл ретте оппозициядағылардың үнемі айтып жүрген пікірі орынды). Бірақ, дәл сол нормалар жауларымызға ұйымдасу және әрекет ету мүмкіндігін қалдырмайды, яғни заң аясында әрекет етуге мұрсат бермейді. Біз сияқты о бастан әлсіз ел үшін мұның барлығын есепке алмауға болмайды.Қалай болғанда да, actions are more important, than words. Сөзден әрекет маңызды. Тілді қорғау мәселесінде де қазіргі билік оппозициямен салыстырғанда әлдеқайда көп жұмыс істеп отыр. Тек тілмен шектеуге де болмайды: соңғы уақыттағы президент бастамаларының қай-қайсысын алсақ та, саясатқа гуманитарлық өлшемді енгізуге күш салу әрекетін байқаймыз. Әлбетте, орындалу сапасына қатысты көп жазғыруға болады. Соған қарамастан, Назарбаевтың ойлау ауқымы қарсыластарының деңгейімен салыстыруға келмейді.Жазғыру көп дедіңіз. Нақты не айтқыңыз келді?Бізде билік пен қоғамның арасында диалог жоқ. Жоғарғы жақтың кей бастамалары лайықты әрі тарихи мәні зор болғанымен, тым солғын әрі түсініксіз түрде ұсынылады. Немесе оларды түсіндіру сол көздеген мақсат-мұратына сай келе бермейді. Мұның себебі де жоқ емес: авторитар басшы айналасынан әрдайым биік болады, ал айналасы идея үшін шынайы күресте қауқарсыз болып қалады. Бұл жекелеген орындаушылардың кінәсі емес, жалпы жүйенің кемшілігі.Нәтижесінде жүйенің қауқарсыздығы мен бет-бедерінің болмауы мәселенің бір жағы ғана болып қалады. Екінші тарапта түкке тұрғысыз болғанымен, өзін аса паң ұстайтын оппозиция тұр. Басқа елдерде оппозиция көшбасшылары туралы айтқанда «олар Марстан келген жоқ қой» деп жатады. Ал біздікілерге бұл сөз жүрмейді. Біздегі оппозиция белсенді жастардан шыққан жоқ, еркін кәсіп иелері де емес, тіпті, олар бизнестен де шыққан жоқ. Біздегі оппозиция – кешегі жоғары лауазымды шенеуніктер. Кеше ғана осы жүйенің бір бөлшегі болған жандар енді Махатма Ганди құсап сын айтады. Ал біздікілер – бар болғаны экс-шенеуніктер, онда да табысты, жетістікке жеткен шенеуніктер емес. Әділ ТойғанбаевФото: rbardalzo.narod.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11