Кішкентай Қазақстан: Құрметті Төраға және оның үш қызы

28.03.2019, 01:41

5

Жетпіс тоғыздағы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ та өз еркімен биліктен кетті ғой...Бүгін Алматыда «Қазақстан авторлар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің кезектен тыс жиналысы өтті. Бұл туралы Жас АЛАШ сайтының тілшісі хабарлайды.Күн тәртібіне бірлестіктің жарғысына өзгеріс және қосымша енгізу, бас директорының 07.11.2018-26.03.2019 аралығындағы жұмысына есеп, Қоғамның төрағасын сайлау, Авторлық кеңесін сайлау қойылды. Алайда, бірлестіктің төрағасы Марал ЫСҚАҚБАЙ жиынға қатысқан жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша ол кісі шақырту алыпты. Бірақ бірлестіктің өзге қызметкерлері болды.Композиторлар одағының төрайымы Балнұр ҚЫДЫРБЕК жүргізген бас қосуда бірінші болып сөзді қаламгер Мыңбай РӘШ алды. 89 жастағы сатирик жиынды заңсыз деп есептейтінін айтты.«Мен бұл жиынды заңсыз деп есептеймін. Балнұр, сен композиторлар одағының басшысысың. Соныңды басқар. Мен сенің әкеңді білетін адаммын. Папаң сияқты болсаңшы. Папаң «Социалистік Қазақстан» газетінде отыз жыл еңбек еткен. Марал Ысқақбай бұл бірлестікте ондағын жылдары барын салып еңбек етті. Ол қазақтың тұлғасы», — деп сөз бастады Мыңбай Рәш. Бұдан кейін мінбеге композитор Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВТІҢ жұбайы Дариға ТІЛЕНДИЕВА шықты. Ол кісі жиын жүргізіп отырған Балнұр ханымға сенбейтінін және Марал Ысқақбайдың еңбегін айтып өтті.Жалпы «Қазақстан авторлар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 3338 мүшесі бар. Бүгінгі жиынға соның 309-ы қатысты.Айтпақшы, жиын басталмай тұрып белгісіз адамдар «листовка» таратты. Ол жерде кезектен тыс жиынның заңсыз екендігі жазылған.«Қоғам жарғысының 5.1. тармағы бойынша: а) қоғамның Жалпы жиналысын шақыру Авторлар Кеңесінің құрамындағы шаруа. б) қоғамның кезектен тыс Жалпы жиналысы Қоғам мүшелерінің тең жартысынан көбі талап етсе шақырылады. Демек, Қоғамның 3400-ге жуық мүшесінің 1700-ден астамы талап етуге тиіс.2. Сонымен, қатар жиналысқа бүкіл 14 облыстағы авторлардың делегат өкілдері де қатысуға тиіс», — деп жазылған.Сондай-ақ, 2019 жылдың 22 наурыз айында Қазақстан авторлар қоғамына Балнұр Қыдырбек пен Байғали ЕСЕНӘЛИЕВТІҢ (бірлестіктің бұрынғы бас директоры) келіп төрағалық міндетті өз еркіңмен тапсырасың, сол кезде ары қарау қудаламайтын боламыз деп талап қойылғаны жазылған. Байғали Есенәлиевтің бес жыл басшылықта тиімді басқара алмағандығы да айтылған.
  1. Автор қаламақысын төлейтін 28 телеарна мен радио арналары басқа қоғамдарға ауысып кетуіне жол беріп қойған. Содан авторлар қаламақысы күрт азайып кетті. Бұл, әрине, авторлар наразылығын туғызды.
  2. Бұл өз кезегінде Қоғамның қаражатының күрт кемуіне әкеліп соқты.
  3. Соның кесірінен бүкіл қызметкерлердің жалақысы 20%-ға қысқартылды.
  4. Барша қызметкерлер бір-бір айдан төлемсіз демалысқа жіберді.
  5. 5 қызметкер қысқартылуға тиіс болып, арыз жазып, жұмыстан кетті.
Бірақ бұл хаттың соңында авторының аты-жөні көрсетілмеген. Және ешбір мөр басылмапты.«Қазақстан авторлар қоғамында жеті жыл еңбек еттім. Қызметке таласпаймын. Өз еркіммен арыз жазғанмын. Бас директор болғаныммен Марал аға Ысқақбай құрметті төраға ретінде бәрін өзі басқарып отырды. Бір қызы директордың орынбасары, тағы бір қызы мейрамханалар мен кафелерден қаламақы жинайтын инспектор, үшінші қызы болса есепші болып еңбек етеді. Бір отбасы мүшелерінің қоғамдық бірлестікте еңбек етулері қаншалықты дұрыс? Шынымды айтсам мойныма ақша ілдіріп жібере ме деп қорықтым. Енді менің жұмысыма тоқталсам. Соңғы бес жылда 2 млрд. 713 млн. теңге авторлар қоғамына түскен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Мен айтып отырған мәлімет Марал ағаның қағазға түскен сөзі. Осыдан кейін өздеріңіз менің жұмысыма өз бағаларыңызды бере беріңіздер», — деп сөзін аяқтады Байғали Есенәлиев.  Композитор Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ бұл жиынның өтуіне мұрындық болған арызға өзінің қол қойғанын айтады. Ол кезектен тыс жиын «Қазақконцертте» ұйымдастырылмақ болғанын айта келіп, «30 жылдай билікте болған Н. Назарбаевтың еңбегі айтылды. Марал ағаның да жиырма жылдық еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Жиын заңсыз өтіп жатыр», деп тәмамдады.Облыстан арнайы келген авторлар ол жақта қаламақы мәселесінің қиын екенін жеткізді. Жиында сөз алған ақын Қажытай ІЛИЯСҰЛЫНЫҢ жұбайы, Филология ғылымының кандидаты Руда ЗАЙКЕНҚЫЗЫ «Әлі күнге дейін тіркеле алмай келеміз. Қаламақымызды алғымыз келеді. Сіздер қайта 20-30 мың болса да алады екенсіздер» деп өз шағымын айтты.Жиынның ендігі мәселесі де осы шағымдарды шешіп беретін жаңа төраға тағайындау болды. Келген кісілердің арасынан Марал Ысқақбайдың отставкасын қолдайтындар да табылды. Бұл жағдайды елде болып жатқан өзгерістермен байланыстырып:«78 жаста Н.Назарбаев жастарға орын берді ғой. 82 жастағы Марал Ысқақбайдың басшылықтан кетуі керек деп ойлаймын. Жыл сайын қаламақымыз да азайып келе жатыр»- деп арнайы осы жиын үшін Елордадан келген, сазгер Марат ІЛИЯСОВ өз ойын ортаға салды.Жаңа басшылыққа кімнің таңдалуы жайлы да ешкім көп ойланып жатқан жоқ. Осы конференциясының ұйымдастырылуына түрткі болған Балнұр Қыдырбекті ұсынып, бірауыздан төрайым етіп сайлап қойды. Осыдан кейін Қазақстан авторлар қоғамының төрайымы ретінде сөз алған Балнұр Қыдырбек бірден авторлық кеңестің жаңа құрамын жұртқа таныстырып, дауысқа салды. Жиналғандар мұны да қолдаймыз деп қолдарын көтерді.Балнұр Қыдырбектің айтуынша қайта тағайындалған авторлық кеңестің 27 мүшесінің 14-і бұрынғы құрамнан. Ал, тексеру комиссиясының мүшелері мыналар: Ермек ӨМІРОВ, Естай ӘЛИКЕЕВ, Ержан АРЗЫҚҰЛОВ.Сонымен, соңғы сөзді түйіндеген Байғали Есенәлиев: «бұрынғы құрамды сен қателік істедің деп кеудеден итермейміз. Жаңа кеңестің құрамында байқағандарыңыздай олар да бар. Енді, бәріміз бірігіп жұмыс істейтін боламыз,» — деп мәлімдеді. Балнұр Қыдырбек өз кезегінде бірлестік басшылығына құзырлы органдардың тексерісінен кейін бірақ келетінін айтты.«Қазақстан авторлар қоғамы» 1997 жылы құрылған.Коллаж және фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34