Көкесі кім болды екен?

Әділ КЕМЕҢГЕР

15.10.2020, 04:41

2608

Жекеменшік ЖШС «Іле-Алатауы» ұлттық паркінің жерін жекеменшік етіп алдыма?

Қоғам белсендісі Бақытжан Базарбек бір шындықты жайып салды. Ол «РосИмпортЦемент» деген ЖШС-ның қитұрқы комбинациялар арқылы «Іле-Алатауы» ұлттық паркінің жерін жекеменшікке қалай алып алуға тырысқанын айтып берді.

Оның сөзінше, былай болған:

«РосИмпортЦементтің» адамдары «Іле-Алатауы» ұлттық паркімен арадағы келісімшарт негізінде ешкімге білдірмей, ерекше күзетілетін табиғи территория ішінен кәдімгі элиталық демалыс аймағын салады. Сондағы салғаны – қонақтар демалатын аса жайлы коттедж үйлер екен.

Одан кейін ЖШС бұл мүлігін заңдастыруға тырысады, бірақ Құдай сақтағанда, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Жер кадастры департаменті бұл мүлікті заңдастыру жөніндегі өтінішті қанағаттандырмай, кері қайтарған. Әйтпесе, кейін ол жерлердің бәрін небір түрлі айла-шарғы әрекеттерге басып, толығымен жекеменшік етіп алуы мүмкін болып кетуі ғажап емес еді.

Соған қарағанда, «жоғары жақтағы біреу» жер телімдерінің жоспарын бекітіп алу арқылы демалыс аймағын  ерекше күзетуге жататын табиғи қорық территориясының ішіне «тығып» жіберуге тырысқан сықылды.

Содан бұл қитұрқы жоспары Жер кадастры департаменті арқылы жүзеге аспай қалған соң, әлгі қулар жерін заңдастыру үшін тіміскі тірлігін «Іле-Алатауы» ұлттық паркі арқылы жасамақ болады.

Ол үшін ЖШС «Іле-Алатауы» ұлттық паркімен қосымша келісімшарт жасасады. Соны негізге ала салып, жер теліміне кадастрлық нөмір берілмегеніне қарамастан, жер телімі нақты пайдалануға бөлінбегеніне де пысқырмай, ұлттық паркімен келісімшартын желеу етіп құрылысқа кіріседі.

Кейін қалалық сәулет басқармасы жоғарыда аталған себептерге байланысты әлгі пысықайларға сәулет-жоспарлау тапсырмасы туралы құжат беруден бас тартады. Сонда «РосИмпортЦемент» ЖШС-ы ұялмай сотқа жүгінген. ЖШС бірінші инстанциялық сотта жеңілген. Сот «РосИмпортЦемент» ЖШС-ның  сәулет-жоспарлау тапсырмасы туралы құжат бермеген басқарманың әрекетіне қарсы түсірген арыз-талабын қанағаттандырмады.

Ең қызығы, іс мұнымен де бітпепті!

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы енді келіп бірінші инстанциялық соттың шешімін жойған екен! Екінші инстанция қалалық урбанистика және жоспарлау басқармасының әрекетін заңсыз деп таныған.  Сонымен, дегеніне бәрібір жеткен «РосИмпортЦемент» ЖШС-ға ақыры сәулет-жоспарлау тапсырмасы беріліп, олар табиғи аумақтағы құрылысын жалғастыруда. «Іле-Алатауы» ұлттық паркінің ішінен қонақүйлерін салып, шетінен қолданысқа беріп жатыр.

Бұған енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі не дер екен?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп
Сайт әкімшілігі 16.10.2021, 12:20
Қазақ жастары Стамбұлда “Бірлік” ұйымын құрды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 15:14
Өнеркәсіп алпауыттары жергілікті тауарларды сатып алуды көбейтті
Мариям МАҚСАТ 15.10.2021, 09:46
Қардың жауғанына қараша халық кінәлі ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 15.10.2021, 08:25
Біз сасықпыз ба, не?

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29