Көкшетау әкімдігі 40 миллиондық пәтерді кімге алып бергендерін айтпайды

08.03.2019, 04:22

4

Көкшетау қаласынан әкімдік алған қызметтік пәтер заңға сәйкес алынды. Бюджеттің 40 миллионына алынған баспана Ақмола облыстық полиция департаментіне берілді. Бұл туралы өңірдегі Жас Алаш тілшісіне қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  Көкшетау қаласының қақ ортасындағы тоғыз қабатты тұрғын үй жаңадан салынған. Нақты мекен-жайы Дзержинский көшесі 60-үй. Шоқан УӘЛИХАНОВ атындағы университет пен Орталық бақ тура қасында. Қоршауы, гаражы және күзет қызметі де бар. Қысқасы, бұл үйден мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 1-20-25 бағдарламасы бойынша пәтер алу мүмкін емес. Керісінше, халықтың салығынан түскен қазынаның ақшасына шенеуніктер ала алады.«Тұрғын үй құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы сатып алды.Мемлекеттік қызметкерлерге алынатын пәтер құнына қатысты заң жағынан қандай да бір шектеу жоқ.145 шаршы метрлік пәтер полиция департаментінің балансына берілген. Кімнің тұратынын білмеймін. Оны полиция басшылығы біледі», — дейді Көкшетау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Мырзабек МЫРЗАХМЕТОВ.  Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34