Көкшетаулық төтеншеліктер көктем шыққалы тыным таппауда

Сайт әкімшілігі

23.04.2022, 18:45

1795

2020 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі болып қайта құрылған азаматтық қорғаныс саласы жұмысын барынша күшейтті. Соның ішінде Ақмола облысына қарасты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де кешенді түрде төтенше жағдайдың алдын алу, табиғи және техногенді апаттарды азайту, салдарымен күресу жұмыстарына бел шеше кірісуде. Әсіресе маусыздық қауіптердің алдын алу бағытында көптеген жұмыстар атқаруда.

Соның бір мысалы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар Департаменті кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы» деген тақырыпта брифинг өткізді. Табиғи өрттердің шығу қаупін азайту мақсатында, азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Осы орайда атап өтер жайт, елімізде орта есеппен алғанда шамамен 800-ге жуық орман және дала өрттері тіркеледі екен. Орын алатын өрт оқиғасының тек 43%-ы ғана табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған болса, ал 50%-дан астамы адами себептерден орын алатын көрінеді.         

Демек адам факторы себеп болатын өрттер санын азайту сала мамандарының басты мақсаты болып отыр. Сондықтан төтеншелік мамандар жергілікті полиция қызметімен және әкімдіктермен бірлесіп, халықтың орман және дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауын, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алып, халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауда. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерінен, орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрып, 2 528 адамды көмекке тартты.

Өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында аумақты толық тексеріп, ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығы тексеріле бастады. Сондай ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары да қатаң бақылауға алынды. Мұның барлығы мемлекет басшысы атап өткендей халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралар. Қазір Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті жағдай  ушыққан кезде ірі өрт аймақтарына  39 мыңға жуық адам жұмылдырыла алатыны айтылуда.  Және 8 мыңнан астам техника, су ағызу құрылғылары бар 10 тікұшақ және 46 өрт сөндіру пойызы, 6 мың аспалы өрт сөндіргіштері, 1 318 мотопомпа және 32 мыңнан астам қарапайым құрал-саймандар төтенше жағдай кезінде көмекке келуге әзір тұр. Сондықтан өрттер ушығатын жаз мезгіліне аймақ толық дайын деп есеп беруде.

Сала мамандарының адалдығы да аса маңызды. Сондықтан жақында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жиналыс та өткізілді. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Ақмола облысы ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында Департамент бастығының орынбасары Манарбек Шапағатовтың төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтік-әскери тәртіп пен сыбайлас жемқорлық жағдайының салдары сөз болды. Бұл да болса сала жұмысын дұрыс жолға қоюдың бір көрсеткіші деуге болады.

Алдағы уақытта төтеншелік мамандардың ізбасарларын дайындап, салада кәсіби мамандарды қалыптастыру үшін оқушылармен кездесулер де ұйымдастырылуда. Мәселен жақында ғана Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мектеп оқөушыларымен кездесіп,  кездесу кезінде өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығында кездесетін қиындықтар жайын сөз етті. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қандай іс әрекеттер жасау керек, өрт сөндірушілерді қалай шақыруға болады, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау  деген секілді мәселелерді талқылады. Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев «Оқушылармен кездесу Еліміздің Президенті жариялаған балалар жылына орай ұйымдастырылды. Біз балалардың өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысымен танысқанын және бәлкім болашақта осы игі кәсіпті таңдағанын қалаймыз», – дейді. Төтеншелік мамандардың кешенді түрде өткізген мұндай іс шаралары өзінің оң нәтижесін берері анық.

Ерзия Ерсұңқар

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31