Көктеректің тұрғындарын шошқа фермасының сасық иісі деміктіріп тұр (видео)

27.04.2020, 10:52

37

Кешелі бері  «Жас Алаштың» редакциясына  Алматы облысы, Көктерек ауылының тұрғындарыхабарласып дабыл қағып отыр.

Алматы облысы, Іле ауданы, Көктерек ауылы тұрғындарыныңмәліметінше, ауылдың іргесіне салынған шошқа фермасы халықты әбден мезі еткен.Фермадан шығатын  сасық иіс қолқаныжауып, тұрғындарды деміктіріп отырған жайы бар.

Аталмыш шошқа фермасы осыдан екі жыл бұрын жұмысын бастағанкөрінеді. Содан бері Көктеректің тұрғындары таза ауаға зәру болып қалған.  Бұған қатысты тұрғындар  талай мәрте арыз-шағымын айтып ауылдық әкімдіккеде барған.

Ең сорақысы, ауылды сасық иіспен басып алған шошқафермасы балалар оқитын мектептің нақ іргесінде тұр. Ал неше күннен берішошқаның өлекселері ферманың қорғанынан бері шығып, ауылдың іргесіне тасталып,шіріп жатыр.  Бұл жағдайды  «Жас Алашқа» Көктерек ауылының тұрғыны Талғат Болатханұлы хабарлап,  өлекселер жатқан жерлерді видеоғатүсіріп арнайы жолдады.

– Біз осы ферманы саларда ел болып ауыл тұрғындары қарсышыққанбыз. Шошқаның сасыған иісінен бөлек, өлекселеріне дейін сыртқа шығыпшіріп жатыр. Бұл ферма ауылдағы орта мектептің қасынан салынған. Біздіңбалаларымыз неге қолқаны жапқан сасық иісті иіскеп жүруі керек? Біздің өзімізтаза ауаға зәру болып қалдық.  Өлекселерінедейін көмілместен сыртта жатады. Ал бұдан қаншама вирус, қанша ауру тарайдыемес пе,-дейді Көктерек ауылының тұрғыны Талғат Болатханұлы.

 Көктерек ауылы Байсеркеауылдық-окуругінің құрамына енетіндіктен,  осы мәселеге байланысты Байсерке әкімінің орынбасары Дәулетхан Жетеуовке хабарластық. 

Жетеуов мырзаның мәлімдеуінше, жергілікті әкімдік бұлмәселеден хабардар.

– Екі жыл бұрын шошқа фермасы салына бастағанда, бізиесіне құжаттары дұрыс па, бар ма деген сауалды қойғанбыз. Бұл жерге мұндай ферманысалуға болмайтыны да ескерткенбіз. Құжаттары дұрыс болмаған соң біз ол жұмыстыиесіне тоқтаттырып қойдық. Кейіннен бұлар қорған соғып алып соның ішінен өздеріжұмыс жасай берген бе, осының анық-қанығын білеміз. Қазір заңгерді алыпбарамыз. Толық мәлімет береміз,-деді әкім орынбасары.

Артынша мән-жайдыанықтап бізге хабарласқан Дәулетхан Жетеуов былай деді:

–  Біз аталған жерге барып келдік. Шынымен десондай фактілер болған. Шошқаның өлекселерін бүгін тазалап, көміп реттеп жатыр.Иесін тауып хабарластық. Иесінің аты-жөні Донар Виктор Павлович. Ол фермада 32бас шошқа өсіреді. Сол шошқалардың бір-екі өлексесін ферма жұмысшылары шыныменде қорғанның сыртына тастаған оқиға болыпты. Ферма иесінің өзі карантингебайланысты қаладан шыға алмай, фермаға келе алмай қалған. Осыдан барып жұмысшыларынатиісті бақылау жасай алмаған. Ферма иесінің айтуынша, қолында заңды құжаттары, жердің мемлекеттік актісі бар. Ертең ферманың иесі Көктерекке келеді. Оған өзінің міндеттемесін дұрыс атқармай отырғаны айтылды,соған сәйкес акт жасалады. Ферманың иесі ертең шошқаларын ауылдан көшіріпәкететін болды,-деді ауыл әкімінің орынбасары Дәулетхан Жетеуов.

Осы жағдайғабайланысты біз  санитар мамандардыңпікірін білуді де жөн көрдік.  Бұлретте бізге пікір білдірген санитар маман АрдақМанбетова:

– Малдың өлексесіболсын, шошқа болсын кез келген өлексе арнайы полигонға апарып көмілуі керек. Ашықауада жатқан өлекседен түрлі вирустар тарап, оның арты үлкен эпидемияға апаруыда ықтимал. Шошқа тұмауы деген бар.Естеріңізде болса, әлемде қаншама халық шошқа тұмауымен ауырды. Шошқа тұмауы АҚШ-даэндемиялық деп есептелінеді. Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада, Еуропада(Ұлыбритания, Швеция, Италиямен қоса), Африкада (Кения) және Шығыс Азияныңкейбір аумақтарында, Қытай және Жапонияны қоса алғанда шошқа тұмауының өршуітуралы оқиғалар белгілі. Сондықтан бұған салғырт қарамау керек,-дейді.

Осылай деген мамандар мұндай жайттарға жергілікті тұрғындар да бей-жай қарамайөз құқықтарын талап ету керек екеніналға тартты.

«Талап бойынша мұндай фермалар ауылдың іргесіне емес, ауылдың сыртынан 300метр қашықтықта салынуы тиіс. Өз міндеттемесін бұзғандар «Экологиялық кодекстің»150-ші бабы бойынша, Санитарлық норманы сақтамағаны үшін  «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 42-ші бабы бойынша жауапқа тартылуы керек»,- дейді Ардақ Манбетова.

Осылайша мамандар ауыл тұрғындарының құқы аяққа тапталмауы керектігін басаайтып отыр.

Редакциядан:  Рас, біздің елде талапқа пысқырмайтын, заңға бағынбайтын «мықтылар» жетіп-артылады. Заңның солқылдақты,бақылаудың төмендігі көп жерде мәселені ушықтырып жібереді. Бұл оқиғаны дасолай демеске амал жоқ. Егер заңды орындаса, талапқа бағынса балалар оқитынмектептің қасынан шошқа асырайтын ферма салу қаншалықты қисынды?! Бұл арада атқарушы билік қайда қараған? Шошқабизнесін жүргізіп отырған қожайынның бұл әрекеті сайып келгенде  кім-кімді болсын ойлантуы тиіс.  Егер уәде еткендей, ертең  аталмыш ферма көшілірмесе,көктеректіктерге  тағы әкімдіктабалдырығын тоздырып, жүйкелерін жұқартуға тура келеді. Біз әкім орынбасарының«ертең ферма көшіріледі» деген сөзіне сенеміз және жағдайды  бақылауда ұстаймыз.

(Мақаланың соңына кеше «Жас Алашқа» жолдаған Көктерек ауылы тұрғындарыныңбейне жазбасын қоса жүктедік. Онда шошқа өлекселерінің  ашық ауада көмілместен жатқаныанық көрінеді). 

«Жас Алаш»
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52