03.07.2019, 19:44
99
Нұр-Сұлтанға жаңа әкім Алтай КӨЛГІНОВТІҢ келуімен әкімдіктегімебельдер мен креслолар да жаңарып жатыр. Көлгінов келе салып креслолар менмебельдерге миллиондар жұмсауды жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатыпалулары веб-порталындағы мәліметке қарағанда, Астана қаласы әкімдігі әзірге 4дана «бастық креслосын», 2 дана «басшы бөлмесінің жиһазын» сатып алмақ. Осыныңөзіне кететін шығын – 4 миллион теңгеге жуық.
Атап айтсақ, бастық креслосының әр данасына 210мың 151 теңге (210 151.78 теңге); ал басшы кабинеті үшін жиһаздың әр данасына 1540 285 теңге (1 540 285,71 теңге) жұмсалмақ. Нәтижесінде мебель ауыстыру үшінғана әкімдік 3 921 178,54 теңге жұмсамақ болып отыр.
Эргономикалық пішіндегі, биіктігі 75 см болатынүстел мен үстелге қоятын тіреуіш, мобильді қондырғының бөлшектері; шкафтар,т.б. – бұлар «басшы кабинетіне арналған мебельдерге» жатады. Бұл мебельдергеқойылатын талаптар арнайы құжатта бекітілген.
Одан бөлек кресло. Креслоға қойылатын талаптыңнегізгісі — 120 кг дейін салмақ көтереалуы. Бұл креслолардың нақты қай басшыға арналғаны белгісіз, десе де осы талапнегізінде бұған отыратын төрт шенеуніктің де салмағы 120-дан аспайтынытүсінікті. Мүмкін, бұл төртеудің бірі Көлгіновтің өзі болуы да мүмкін. Мынадайталапқа сай креслоның қала әкімін еркін көтеретіні анық.
Құжаттағы креслоға қойылатын талаптар мынадай:
«Ботицеллидің ДБ-13 басшысына арналған кресло –тіреуіш механизмі жоқ, салмақ шектеулері: 120 кг, негізі: ағаш, жақтау:монолитті емес, өндіруші: Ресей қолғаптары: биіктігі бойынша реттеу.Тауарлардың көлемі 130 х 63 х 71, қорап мөлшері 94 x 80 x 65. Өндіруші еліРесей. Макс 120 кг жүктеу. Түсі тапсырыс берушімен келісіледі».
Конкурстық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардыңтехникалық ерекшелігі қысқаша айтқанда шамамен осы. № 3484117-1 және №3484304-1 сатып алу бойынша жарияланған конкурсты қала әкімдігі қашанаяқтайтыны белгісіз. Өйткені, шартта сатып алу мен оны орнату мерзімі –«келісімге сәйкес" екені көрсетілген.
Фото: caravan.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР