Көлгіновтің «құны»

21.05.2020, 06:10

46

 ЖақындаАлтай Көлгіновтің бас қаланы басқарғанына бір жыл толады. Біржылдық жұмысбарысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атына тұрғындар тарапынан түскен сын аземес. Сол «кемшілікті» жойғысы келді ме, әлде шатқаяқтаған беделін жуып-шайғысыкелді ме, Алтай Көлгінов «имиджін көтеру» мақсатында бюджеттің есепсіз қаржысынэпидемия мен карантинге қарамастан, тендерге шығарды.

 Жалпы, кез келген мемлекеттік қызметкерүшін бір жыл аз уақыт емес. Әкімқаралардың еткен еңбегі мен жібергенқателіктерін саралауға жеткілікті мөлшер. Ал Алтай мырза осы бір жылда қандайерекшелігімен есте қалды? Атқарған істеріне қарап, алдағы әрекеттері қандайбағыт алады деп не болжауға болады. Жалпы, қалтасында қолақпандай үш дипломыбар әкім қайдан және қалай келді? «Имидждік» тендерге қанша қаржы жұмсалмақжәне оны кім ұтып алды деген мәселелер айналасында «Жас Алаш» тілшілері ой жүгіртіп көрген еді.

 Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев АлтайКөлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі етіп тағайындағанда кейбір сарапшылармұны мемлекет басшысының «жастарды тартамын» деген уәдесін орындай бастады дептүсінген еді. Бірақ әкімнің қызмет жолындағы баспалдақтарына мұқият зер салса,гәптің басқада екеніне көз жетеді.

  Үш бірдей жоғары оқу орнының түлегі АлтайСейдірұлының «қызметтік трамплині» 2008-10 жылдары «Алаш медиа групп» ЖШС бас директорының орынбасары қызметіненбастау алады. Бұл құрылым tengrinews,vesti.kz, ТРК «Эра» секілді бірнешекомпанияларға иелік етеді. «Алаш медиагрупп» компаниясының бас директоры Батыр Қазыбаев пен Нидерландыдатіркелген оффшорлық компанияға тиесілі деп көрсетілгенімен, оның нақты қожайыныАлександр Клебанов екені белгілі.

 Алтай Көлгінов 32 жасында президентәкімшілігіне мемлекеттік инспектор болып «топ» ете қалады. Одан әрі БатысҚазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. Бұл қызметте біржыл отырғасын Орал қаласы әкімінің орынтағын үш жыл армансыз иемденеді. АлтайКөлгінов үш жылда Орал өңірінің жұртшылығына қандай «ерліктерімен» мәшһүр болыпеді? Амбициялы жас жігіт жергілікті бизнес қауымдастықпен жүз шайысты.Экологтармен айқасты. Тіпті кейбір істері сотқа дейін жетті. Бірақ Көлгінов осы«шайқастардың» бәрінен тек жеңімпаз болып шыға берді. Сөйтіп, 2016 жылы БатысҚазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

    Алтай Көлгіновтің облысты басқаруы даайқай-шумен басталды. Жергілікті басылымның журналисі Лұқпан Ахмедьяров әкімніңбюджет есебінен құны 56 миллион теңге (сол кездегі бағаммен 180 мың доллар)тұратын қымбат көлікке тапсырыс бергенін анықтады. Тілшілер қауымы Көлгіновтіорынбасарымен бірге Дубайдағы «Формула-1» автожарысынан байқап қалды. БірақКөлгінов мұның бәрінен судан таза, сүттен ақ болып шықты.

  Нұр-Сұлтан қаласы да Алтай Көлгіновті құшақ жая қарсы алмады. Көпбалалыаналардың ашу-ызаға толы шерулері, ипотекалық проблемалар,  қарлы-боранды ұзақ қыс, тазаланып үлгермегенкөшелер, тіпті Ақорданың жарығын да «жалп» еткізген энергетикалық коллапс жаңаәкімді едәуір абдыратып тастады.

   Нұр-Сұлтан қаласы түкпірде тынышжатқан бұйығы Орал емес. Табиғаты мен тұрғындарының мінезі де сәт сайын жылдамөзгеріп, құбылып тұрады. Саяси астанада өзіңнен зор шенеуніктер мен асаумінезді пролетариат табы қалыптасқан. Екі жақтың да ыңғайын табу, көңіліненшығу оңай емес. Қырсыққанда, Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов те пара алуүстінде қолға түсіп қалды. Заң бойынша қол астындағы қызметкер жемқорлықпенұсталса, басшыдан бастап қызметінен кетуі тиіс. Алтай Көлгінов қызметінен кетутуралы тіпті ойланған жоқ. Өйткені бір оқпен екі қоянды атып алу жолын баяғыда-ақтауып қойған еді.

     Әкім болып тағайындалғанына екі ай өтпейжатып Dasco DataCom ЖШС-мен тамыздан желтоқсанның соңына дейін «әкімдіктің жағымды имиджін қалыптастыру»мақсатында келісімшарт жасасып, 36 миллион теңге аударды. Аталған компанияәкімдіктің жағымды жағын көрсету үшін Facebook, ВКонтакте, Одноклассники,Инстаграм желілерінде айына мыңнан кемемес пікір қалдыруы тиіс. Сондықтан Нұр-Сұлтанда не болып жатса да,Көлгіновтің жағымды имиджін қалыптастыратын команда күндіз-түні жұмыс істейбереді.

   Биыл Dasco DataCom ЖШС тағы даНұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен 89 миллионтеңгенің тапсырысын алды. Келісімшарт, техникалық ерекшелік түк теөзгермеген. Ал Dasco DataCom ЖШСқожайыны бұрынғы шенеунік, пиар саласына мүлдем қатысы жоқ, қазір консалтингбойынша маман Дәрмен Сәдуақасов болып шықты. Көлгіновке Дәрменнің қызметі аздықетсе керек.

   Енді Алтай Көлгінов New Vision LTD ЖШС-іне«ақпараттық қолдау үшін» 267 млн 857 мың 142 теңге бөлді. Бұл Дәрмен Сәдуақасовтыңкомпаниясы алған қаржыдан бірнеше есе көп. Бұл компанияның алдына қойғанмақсаты –  «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігініңмедиа-орталығына ақпараттық-коммуникациялық қолдау көрсету. Интернет-ресурстарарқылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық және мәденидамуын, жергілікті және республикалық деңгейде әлеуметтік желілер менблог-платформаларда насихаттау».

     New Vision LTD ЖШС басшысы кім дейсіз бе? 1997 жылы туған, 23 жастағы Азиза Асқарқызы Әбілбекекен. Осы уақытқа дейін медиа және пиар саласында аты-жөні белгісіз, бейтанысбизнес-ледиді тек Инстаграм желісіндегі қысқа ғана ақпараттан танып-білдік.Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында, Париждің Эйфель мұнарасы фонындағысуреттерге қарағанда, саяхатты ұнататын бикеш секілді. Одан ары шыққан тегі,оқыған оқу орны туралы еш мағлұмат жоқ. Дегенмен Алтай Көлгіновке имиджмейкердің досьесі емес, жеке басының имидждік құнықымбатырақ болып тұр. Оның бағасы біз жоғарыда айтқан 125 млн немесе 267 млнтеңгеден де әлдеқайда қымбат болуы мүмкін. Нақты бағасы әзір белгісіз.

     Алпрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі экономикалық қиындықтар қарсаңында қазынақаржысын барынша үнемдеуге үндеп еді. Бұл тапсырма Көлгіновтің амбициясына асаәсер етпеген сынды. 


ТоқтарЖАҚАШ,

«ЖасАлаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36