22.01.2020, 13:28
382
Семейдегі басты көшелердің дені ұлттық әлпетке көшкендей болып өткен жылыжаңаша сипат алды. Айталық, 2018 жылға дейін созылған Ленин көшесі, «Мәңгілікел», «бәйбішесі» Крупская көшесі жазушы Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ атына ауыстырылса, «Краснознаменная» өткенжылдың желтоқсан айында Баян Байғожина атындағы көше болып өзгерді.
Әрине, кешігіп жетсе де көзсіз ерлік, сөзсіз қуаныш болып көрінетіні даусыз.Алайда, биыл Абайдың туғанына 175жыл аталып өткелі жатқан кезде осы күнге дейін«бұл қалай?» деп жауабы табылмай келе жатқан бір сұрақ бар. Ол- Семейде әлікүнге дейін Абайдың әкесі – Құнанбай ӨСКЕНБАЙҰЛЫНА бір көшенің бұйырмағаны.Бұйыртсақ дегендердің барар жолының қиындағаны...
Ентіс өзенінінің оң жағалауында орналасқан қала орталығындағы Шәкәрім даңғылына сүйсіне қарасақ, оны көлденеңқиып өтетін басты көшелердің бірі Абай көшесі бар. Ал, осы екі алыпты танытқанҚұнанбай Өскенбайұлының тарихи сипаты, тұлғалық тұрпатын танытатын көрінісқайда? Бірден айтайық, атымен жоқ!
Ал, күні кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласының төрінде «екі патша» — тұңғышпрезидент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен қазіргі президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ екеуібірге келіп, Абай атындағы опера және балет театрында ақын тойының басталғанынан хабар берді. Обалықане, Қ.Тоқаев одан бұрын «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында:
« Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақынұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төргежетелеуді мақсат тұтты. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасынқалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастыңбойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтанхакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірліказығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі» деген болатын.
Ол мақаладан тыс Қ. Тоқаев Назарбаевтың отсатвкасынан кейін билікті қолынаалған бетте Шығыс өңірге келген сапарында Абайдан бұрынәкесі ҚұнанбайӨскенбайұлын ұлықтау керектігін баса айтқан болатын. Әкесі Құнанбай болмаса,қазаққа Абай қайдан келетінін атап өте келіп: «Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі — Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегінұмытпауымыз қажет. Ол — Семейде ғана емес,тұтас қазақ тарихында өз орны бар тұлға. Оны халқымыз жақсы біледі, қадіртұтады»деп те баға берген еді.
Хош, сонымен, Абай тойының шымылдығы түрілді, туған жері — Семейөңірінен де, ШҚО басшысыДаниал АХМЕТОВ бастап бір топ делегация Нұр-Сұлтантөрінен табылып қайтты. Алайда, Абай есімін асқақтатып айтқанымен, әкесіҚұнанбайды ұлықтау керектігін Тоқаев бастап ұлық біткен ұмыт қалдырды. Ал,Семейде Құнанбайдың Тоқаев айтпақшы, «ел тарихындағы еңбегін ұмытпау» алдыменоның атына көше беруден басталуы керектігін қаперіне алмағаны қынжылтарлық. Сенерсізде, сенбессіз де, Семейде Құнанбай атына көше беру керектігі ешбір шенеуніктіңойына да түсіне де кіретін емес.
Ал, ақынның туған жері Семей-Қарауыл трассасына апаратын қаланың солжағалауындағы негізгі көше орыс ғалымы Селевиннің атында. Оны есепке алмағандатрассаның оң қапталынан басталаты үлкен көше жойылып кеткен РСФСР (РесейСоветтік Федеративтік Социалистік Республикасы) империясының тұңғыш комиссарыРыковтың атымен әлі күнге дейін аталып келеді. Осы орайда, пікірін білдіргенбелгілі айтыскер ақын Әсем Ережеқызының айтуынша, Абай есімі айтылған кезде оныңәкесі Құнанбай аға сұлтанның аталмай қалуы әбестік.
«Семей қаласында Құнанбай қажыныңатындағы көше де жоқ, керекдесеңіз. Семейде салынып жатқан үлкен мешіткедемеушілер мен жергілікті билік Абай атын бермек көрінеді. Ол да дұрыс шығар.Оны да қате пікір дей алмаймыз. Алайда, ол мешітке Құнанбайдың аты сұранып тұр-ауменіңше. Мекке барған, қажы атағын алған. Мәселен, Семейдегі Компоселоккентінде кеңестің комиссары Рыковтың атындағы көше бар. Сол көшені ҚұнанбайӨскенбайұлы ның атымен атасақ, қандай әдемі әрі әсерлі көрінер еді. Сондай-ақ, Семей қаласынан Абай ауданына шығатын үлкентас жолға апаратын тік көше Селевин деген орыс ғалымының атында. Рыковты «алаалмаған» жағдайда Шыңғыстауға жетелейтін Селевин көшесіне Құнанбай есімін негебермеске?», — дейді Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ.
Иә, айтса айтқандай Семейде мешіт те бар, көше де Құнанбай атынасұранып тұр. Қала әкімі Ермак СӘЛІМОВ өткен жылдың соңында ғана жылдықорытындылаған баспасөз мәслихатында салынып жатқан, құрылысы биыл аяқталуғатиісті мешітке Абай Құнанбайұлының аты берілетіндігін мәлімдеген болатын. Бұлкөп жылға созылған мешіт құрылысын қолға алған Тастекеевтер әулетінің, соныңішінде Шығыс өңірінің тумасы, белгілі меценат Дулат Тастекеевтің ұйғарымыекендігін де жасырмаған. Соған орай, Дулат Тұрсынұлының өзіне хабарласқанымыздабұл ұсыныстың әлі де талқыда екендігін анықтадық.
«Мешітке Абай атын беруге қатыстытүпкілікті шешімді әлі қабылдаған жоқпыз. Нақты пікір айта алмаймын. Бәрінескеріп, қарап отырмыз»,- дейді Дулат ТАСТЕКЕЕВ.
Тоқетерін айтқанда, биыл ақын тойына орай республикалық бюджеттен 3млрд.теңге қаражат бөлініп отырғанда, Абай еліне жетелейтін көшені болсын,комиссар Рыков атындағы көшені болсын Құнанбай Өскенбайұлының атына ауыстырукүн талабы. Оған мән бермеген жағдайда, президент Тоқаевтың жоғарыда айтқанҚұнанбайды дәріптеуге қатысты ойының да көк тиын құны болмайды.
Фото: togdazine.ru
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР