Комиссияға дастархан жайған мұғалімдер 20 тәулікке қамалуы мүмкін

08.06.2019, 17:57

129

Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Тобық ЖАРМАҒАМБЕТОВатындағы мектеп мұғалімдері облыстық білім басқармасына қарасты мекемеденкелген қонақтарды бай дастарханмен қарсы алған. Бұл заңға томпақ екен. ҚК-тің247 бабына сәйкес 80 АЕК айыппұл төлейді немесе 80 сағат қоғамдық жұмысқатартылуы мүмкін. Яки 20 тәулікке дейін қамауға алынуы да ықтимал. 

Осылайша облыстық білім басқармасы бастығы ЛәззатОРАЗБАЕВАНЫҢ қарамағындағы ақтөбелік меймандардың іс-сапары аудандағымұғалімдерді алаңдатып тастады.

Облыстықпедагогикалық-дәрігерлік-психологиялық кеңесінің 10 қызметкері  балаларды арнайы білім беру ұйымдарына түзетужұмыстарына жолдама беру үшін тексеру жүргізуге келген екен.

«Аудан мұғалімдері дастархандыөздері ақша жұмсап жаймағандарын айтты. Ол дастархан облыстан келгенқонақтардың есебінен жайылыпты. Бірақ дастарханға қарап: «Олар үйде де осылайәдемі тамақтана ма, байғаниндік ұстаздар неге стөл жасау керек,  санитарлық нормаға сәйкес мектепкабинеттерінде дастархан жаюға рұқсат бар ма?» деген сұрақтар туындады», — дейді «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  сараптама кеңесінің төрағасы Жанболат ТҰРТАЕВ.

Қазір барлық аудан орталықтарында ғана емес, тіптікейбір ауылдарда жақсы тамақтануға болатын мейрамхана, дәмхана, асханалары бар. Дастарханды мектепте жаюдыңқаншалықты қажеті бар дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне қарайтын «Адалдық алаңы» кеңсесініңөкілдері.

Әрбір тексеріске дастархан даярлайтындар көбіне мұндайжағдайды қазақтың қонақжайлылығымен түсіндіреді екен. 

Иә, бір жағынан ол да дұрыс, біз өзіміздіңсалт-дәстүрімізді және оның маңыздылығын жоғалтпау керекпіз. Бірақ өзіміздің туыстарымызбенмемлекет толық түрде барлық іс-сапар шығындарын өтейтін тексерушілердішатастыруға болмайды. Оның үстіне тексеріс көп, егер олардың барлығына, яғни іссапармен келушілерге, күніне бірнеше рет молынан дастархан жайылса ол шектеншыққандық деп түсіндіреді «Адалдық алаңының» баспасөз қызметі.

«Тексерушілер келген сайын  дастархан жаю онсыз да аз жалақы алатынқатардағы жұмысшылардың қалтасын қағатыны анық. Өз кезегінде, олар жекелеген кәсіпкерлерді еріксіз «кешкі ас» жаюғанемесе  бақылаушыларға түнеуге орын ұсынуарқылы сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруы мүмкін», -дейді «Адалдық алаңы»жобалық кеңсесі сарапшылар кеңесінің төрағасыЖанболат Тұртаев.

Қазір аталған оқиға бойынша ақпарат облыстық білімбасқармасына қарауға және тиісті шара қолдануға жолданған. Жобалық  кеңсе осы бағыттағы жұмысты әрі қарайбелсенді түрде жалғастырамыз деп отыр. Ол үшін жоғарыда аталған оқиғаға бей-жайқарамайтын және осыған ұқсас жағдай орын алғанда хабарлай алатын тұрғындардыңкөмегі қажет екенін айтады. 

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44