Көпбалалы ана: Депутат Үмбетовтің үйін маған берсін

17.06.2019, 14:45

144

10 жылдан аса пәтеркезегінде тұрған талдықорғандық көп балалы ана Мәжіліс депутаты СерікҮмбетовтің бос тұрған пәтеріне тұрғысы келеді. 8 баланың анасы Көгаршын КЕНЖЕБАЕВАбұл өтінішті 2016 жылдан бері депутаттың өзіне жолдап келген екен.

“Үмбетовтің үйі “Қаратал” шағынауданында. Қазір бос тұр.Үмбетов 2010 жылы осында әкім боп келген. Қазір парламентте ұйықтап отыр. Меніңжалғыз талап-тілегім бар: сол үйдің кілтін маған беріп, ішіне кіргізсе! 2016жылы оған “аға, мына бос тұрған үйіңізді маған беріңіз. Алла сізге риза болсын,мына 8 баламмен осы үйде тұрайын” деп телеграмма жібердім. “Не ответа непривета”, “не слуха не духа”! Әлде, Үмбетовті осы бос тұрған үйге көме ме? Пәтеркезегіне 2007 жылы 352-боп тұрғам. Қазір 105-ақ адамға жылжыған. Не деген сұмдық?!Шындық жоқ, тәртіп жоқ бұл жерде. Мен әбден шаршадым, бізді тек алдауменкеледі!”-дейді, көп балаы әрі жалғыз басты ана Көгаршын Кенжебаева.


Талдықорғандапәтерге қол жеткізе алмай депутаттың үйін торуылдап жүрген жалғыз КөгаршынКенжебекова емес. Қала және облыс әкімдігінің табалдырығын тоздырдық деген біртоп көп балалы ана бос тұрған шенділердің үйінде тұрғысы келеді екен. Сөздерінесенсек, жұмыс бабымен Нұр-Сұлтанға кетіп, Талдықорғандағы үйлері бос қалғаншенеуніктер біршама. Көп балалы аналардың айтуынша, Талдықорғанда Мәжілістіңэкс-депутаты әрі Алматы облысының құрметті азаматы Оралбек ЖАҚИЯНОВТЫҢ 4қабатты коттеджі бос тұр. Пәтер іздеп сабылғандар мұндай зәулім үйге 4 отбасықоныстанса, сәйкесінше, 4 көп балалы ананың мәселесі шешілер еді деп санайды. Оларкезекті рет баспана мәселесін көтеріп, қала әкімдігіне жиналды.


«Біздің құқығымызды ешкім қорғап жатқан жоқ. Бізді анадеп ешкім есептеп жатқан жоқ. Қаңғып жүрген бір ұлт бар ма қазақтан басқа? 10жыл бұрын кезекте 493-болғам. Жылжыйтын түрі жоқ, әлі кезекте тұрмын. Мен қазір60 жастамын. Сонда мен ол үйді қай уақытта алам? Мұндай кезекпен мен көрдежатқанымда үстіме үй тұрғызатын шығар», — дейді тағы бір көп балалы ана ГүлзияЖОЛЖАҚСЫНОВА

“Бір бөлмелі пәтер алған қыздар “разшырениямен” 3 бөлмеліүй алып алды. Сонда ЖКХ мен акимат пәтер сатып отыр ма? Өткенде Қыстаубаевқа (Талдықорғанқаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы) заңсыз пәтералғандардың бәрін 15-сәуірге дейін шығарамын деген. Қайсы сол сөзі, қайдашығарғаны», -дейді  көп балалы әрі жалғызбасты ана Алмагүл АҚЖІГІТОВА.

Ал, қалаәкімдігінің өкілдері пәтер беруде ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтады.Сөздеріне сенсек, баспанадан үмітті көп балалы ананың барлығы өз кезегімен алуытиіс. Ал, үйлері бос тұр делінген депутаттар аталған баспаналарын әлдеқашанзаңдастырған көрінеді. Яғни, бұл баспаналар қызметтік емес, шенділердің жекеменшігі екен. 

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58