Көпбалалы аналар өздерін малға теңеген блогерді сотқа берді

03.12.2019, 14:46

158

Ақтөбеде көпбалалы аналар өздерінмалға теңеген блогерді сотқа берді. Шағымданушылардың айтуынша, блогер Әлібек МОЛДИНәкімдікке көмек сұрап барған бір топ көпбалалы аналарға тіл тигізіп, оларға«осылай мал болып, тобырларыңмен жүре беріңдер» деген екен. Онымен қоймайөзінің  фейсбук желісіндегі  жеке парақшасына видеоға түісірп салыпжіберген. Қазір бұл іс Ақтөбедегі №2 сотта қаралып жатыр.

Сотқа ақтөбелік сегіз ана шағымтүсірген. Солардың бірі Гүлмира  БИМАҒАНБЕТОВА.Сөзінше блогер әкімдік алдына жиналған бір топ көпбалалы аналарды видеоғатүсірген. Кейін қастарына келіп  әкімдікке қарсы сөйлеулерін өтініпті. Ақырыайтқанын тыңдата алмаған ол сол жерде бізді малға теңеп, тіл тигізді дейдіарызданушы Гүлмира Бимағанбетова.

«Бізге әкімдіктің адамдарын тыңдамаңдар. Әкімдіктегілерсіздерге дымда бермейді. Ары кетсе бір қапшық вермешел мен бір қапшық рожкибереді де қайтарып жібереді. Оларға ермеңдер. Біздің айтқанымызға еріңдер деді.Біз оны тыңдаған жоқпыз. Біздің соңымыздан еріп жүріп, «осылай мал болып тобырларыңменжүре беріңдер» деп намысымызға тиетін сөз айтты», — дейді бес баланың анасыГүлмира Бимағанбетова.

Арызданушылардың айтуынша, оларблогерден көпшілік алдында көпбалалы аналардан кешірім сұрауын талапетіпті.  Алайда, осы уақытқа дейінкешірім сұрамаған блогер  енді өз ісінезаң алдында жауап берсін деп отыр. Блогер Әлібек Молдин «бұл маған жабылғанжала» деп отыр.

«Мен де шешеден тудым. Менің де қызым бар. Апаларым бар. Ешқашанондай сөз айтпаймын. Мен кешірім сұрар едім, егер кінәлі болсам. Мен не депкешірім сұраймын? Мен кінәлі емеспін», — деді блогер «Жас АЛАШ» тілшісіне.

Бүгін судья аналарлың арызыбойынша өткен сотта сот блогер айтты деген сөздер лингвистикалық сараптамағажіберді.

«Бұл айтылған сөздердің қаншалықты адамның ар-намысынатиетінін немесе қорлау бағытында айтылғандығы сараптамадан кейін белгіліболмақ. Соттың келесі отырысы сараптама дайын болғаннан кейін жалғасады», — деді Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Теміржан АЛДАНОВ.

Аналарға тіл тигізді деген болгерҚР ҚК 131 бабы 2-ші тармағы яғни көпшілік алдында қорлау, басқа адамның абыройымен қадір қасиетін әдепсіз түрде кемсіту бабы бойынша айыпталып отыр. Егероның  кінәсі дәлелденсе оған екі жүз АЕКмөлшерінде айыппұл немесе 180 сағатқа түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін.

Фото автордікі.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15