Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

06.05.2021, 13:34

2016

      Бүгінде елімізде көпбалалы отбасыларды қорғау орталықтары  көп ашылуда.  Нұр-Сұлтан қаласында бес бірдей сәбидің тірідей отқа өртеніп кеткен сұмдық оқиғасынан кейін  әр өңірде көпбалалы отбасын қорғаймыз деген ұйымдар ашыла бастады.

      Бүтін бір мемлекет көпбалалы аналарын  жеткілікті деңгейде қорғай алмай жатқанда, мұндай орталықтардың  қорғансызға пайдасы қаншалықты деген заңды сұрақ туындайды. Дегенмен барлық орталықтың еңбегін еш кетіру мақсат емес. Алайда көпбалалы отбасылар осындай орталықтардың  ашылып, жұмыс істеп жүргенінен де бейхабар болады. Мұндай орталықтар, әрине, қайырымдылықпен айналыспайды, олардың басым бөлігі мемлекеттік тапсырыс бойынша байқауларға қатысып, қаражат ала алса сол бағытпен жұмыс істейді. Орталық мамандары көпбалалы аналарға түрлі жағдайлар бойынша кеңес беріп, бағыт сілтеп отырады.

        Жақында Қарағанды қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды. Бұл әлеуметтік тапсырысты «Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі орындайтын болып отыр. Аталмыш қоғамдық бірлестікті журналист, көпбалалы ана Ләззат Қожахметова ашқан болатын. «Шаңырақ» орталығы көпбалалы отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін консультациялық қызметтер көрсетеді. Елімізде өткен жылы көпбалалы отбасыларды қолдайтын 31 орталық  жұмыс істепті. Соның ішінде бес орталық Қарағанды облысында ашылған екен.

    – Мұндай орталықтардың бар екенін жақында ғана естідім. Көпбалалы аналарды қолдайтын орталықтар Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Бұқар жырау ауданында жұмыс істеген. Егер осындай орталықтар ашылған болса, онда сол жақтың аналары неге бұл орталық туралы білмейді? Пандемия кезінде көпбалалы отбасылар көмекке мұқтаж болғанда бұл орталықтардың қалай жұмыс жасағанынан бейхабармын. Аналардың  күндіз-түні маған хабарласқанын сол өңірдің әкімдері біледі, – деп мәлімдеді  «Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ләззат Қожахметова.

       Шын мәнісінде мұндай орталықтардың  бар екенін  нағыз көмекке зәру адамдар біле бермейді.  Бұл орталықты ашып алып, мемлекет қаржысынан дәметіп, жалған  ақпарат беріп отыратын кейбір орталық мамандарының салғырт жұмысының кесір-кесапаты болар.

Тегтер: мәселе көпбалалы ана орталық бірлестік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55