Көпбейінді ауруханалар заман талабына сай болса

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

07.06.2023, 11:45

917

Қарағандыда көпбейінді облыстық балалар ауруханасы пайдалануға берілді.  Құрылысы  он  жылға созылған  заманауи денсаулық мекемесінің жер аумағы 35 мың шаршы метр алқапты алып жатыр. Аурухананы салуға және оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтуға облыстық бюджеттен 6 млрд теңге бөлінген. Бұған дейін күрделі науқасқа шалдыққан балғындар  «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына»  барып ем алған болса, енді олар жергілікті жерде тексеріліп, ем-дом алу мүмкіндігіне ие болды.

          – Ата-аналардың көптен күткен тағы бір жаңалық, ауруханадан  травмотология және ортопедия бөлімшесі, сондай-ақ «Қамқорлық» қорының қолдауымен 3 жасқа дейін және 3-18 жас аралығындағы балалаларға арналған перинаталдық орталық ашылады, – деп мәлімдеді облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

          Білікті кадрларды топтастыру – көпбейінді аурухананың басты талабы. Соңғы жылдары аймақтағы дәрігерлердің еңбегін бағалау өз алдына, олардың әлеуметтік жағдайын шешуді жергілікті билік қолға алғаны салаға жіті көңіл бөлінгенін айқындайды. Бұрынғы орталық балалар ауруханасының ғимараты қайта жабдықталатын болды. Жыл аяғында 94 пәтерлі медициналық үй клиника дәрігерлерінің меншігіне беріледі. «Жаңа баспананың кілті ақ желең иелеріне желтоқсан айында тапсырылады» – деді өңірдегі осы саланың жетекшісі. 

— Біздегі дәрігерлердің білімі мен мүмкіндігі заман талабына сай деп  толық айтуға болады. Бүгінде ауруханада 128 педиатор, 136 медбике, жалпы айтқанда, штаттағы барлық медициналық қызметкерлер бар. Олардың барлығы өз ісінің кәсіби шеберлері. Емдеу орталығын жетекші сала мамандарымен толықтыруға бұрынғыдай баса көңіл аударамыз. Талантты дәрігерлерді шетелдің алдыңғы қатарлы клиникаларына тәжірибе алмасуға жібереміз. Бұл біздің негізгі жұмыс принципіміздің бірі деуге болады. Таяуда болашағынан үміт күттіретін екі нейрохирургты Израил мен Германиядағы клиникаға іс-сапарға аттанады. Сонымен қатар ауыл аймақтардағы балалар дәрігерлерін де жаңа әдіске бейімдеуді де сырт қалмаймыз. Жаңа аурухананың ішінде арнайы оқу сыныптары бар. Онда өңірдегі балалар дәрігерлеріне біздің мамандар дәріс беретін болады.  Ертеңгі жас маман бүгін ҚМУ-нің педиатрия факультетінің студенттері осы арада тәжірибелік сабақтарын өткізеді.

          Жатын орны 200 балаға арналған көпбейінді аурухана шетелдің қымбат жабдықтарымен жарақталған. Күзде күйікке қарсы 7 кереует Жапониядан жеткізіледі. Мұндай кереует ауыр күйік жарақатымен түскен балаларға тым тапшы. Теңдессіз құрал денеге қимылы массажын жасап, әрі бактериядан қорғайтын ерекшелігімен бірегей. Ел болашақтарының саулығы үшін жасалатын шара мұнымен шектелмек емес. Аурухана маңына санавиация қызметі қосылады. Облыстың жақын және шалғай өңірінен ауыр дертке тап болған және жедел медициналық қызметті қажет ететін кішкентай науқастар осы араға тік ұшақпен жеткізіледі. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәлімдеуінше, жаңа мекеме жанынан аналарға перинаталдық орталық ашу жоспарланып отыр. Орталықтың жобалық сметалық құжаты денсаулық сақтау министрлігінде жатыр. Министрлік құжатты мақұлдаса, 2025 жылы құрылыс жұмысы басталады. Жақын келешекте оңтүстік-шығыс ықшамауданындағы балалар ауруханасының маңы медициналық қалашыққа айналмақ. Осы араға іргелес Қарағанды медициналық университетінің клиникасы тұрғызылады. Ал әудем жерде зәулім жаңа облыстық қан орталығы тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55