Көрдемшелер азайып, жезөкшелік жойылсын!

16.06.2020, 06:10

79

Қариялар биліктен не талап етеді?

Редакциямызға арнайы атбасын бұрған Тасмағамбет Омарұлы елге еңбегі сіңген 82жастағы зейнеткер екен. Қария өзімен бірге замандастарының билікке қойғанталаптары жазылған үшбу хатты арқалай келіпті. Ақасақалдардың аманатына қиянатжасамай, олардың датын жариялағанды жөн көрдік. Сонымен көпті көрген қарияларне дейді?

Ата-бабамыздың берген тәрбиесі,қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, жесірінқаңғыртпаған. Оның мәнісі бұрын қазақ құда түсіп, баталасып, қызына қалың малалып, ұзатқан. Қыздың жасауы ретінде бір үйге қажет мүлікті төсек-орын ретіндеберген. Қыз барған жерінде перзентті болып, күйеуі бақилық болған жағдайда,ата-енесі оны әмеңгерлік қағидасына сәйкес, күйеуінің ағасы немесе інісіне,олар болмаса, етене жақын туысына қосқан. Егер тұрмысқа шыққан қыз қайтыпкелсе, оны өз үйінде қабылдамаған. Міне, қазақта жетім бала мен жесір әйелдіңболмауы осыдан. Ал егер қыз бала үйінде отырып, пәктігінен айрылып, күйеугешықса, онда оны күйеуі атқа теріс мінгізіп, дүние-мүлкімен қоса, үйіне апарыптастайтын жағдай болған. Бұл тек әке-шешесі ғана емес, бүкіл ауылды қарабетқылды деген сөз.

Ал қазір ше? Мектептібітірмеген қаншама қыз 13-16 жасында жүкті болып, аборт жасатып, тұрмысқашықпай, өз үйінде әйел болып отыр. Ол қыздарға үйленген жігіттер де көп ұзамай,ажырасып кетеді.

Ұят, ар-намыс, адамгершіліксияқты асыл қасиеттер аяққа тапталды, жезөкшелік бизнеске айналды, қазақ азабастады. Бүгінгі таңда ЖОО бітіріп, жасы 25-30-дан асқан қыздар тұрмысқашығудың жаңа бизнес жоспарын ойлап тапқан сыңайлы. Олар жоғары білімді, жалақысықомақты жігіттерді интернеттен немесе басқа да жолдармен тауып алып, олардытүрлі айла-тәсілмен өзіне тартып, тұрмысқа шығып алуға тырысады. Ал нәрестеліболған күннен бастап, төркініне қашып, өзгере бастайды. Олардың күйеугешығудағы басты мақсаты – сәбиге заңды әке табу және ол 18 жасқа толғаншаалимент өндіріп алып, өзі қалағандай өмір сүру. Себебі ондай бойжеткендердіңәке-шешесі де осылай өскен, тәрбие көрмеген, бір үйде шешесі екеуі ғана қалғансоң, қызына «күйеуің мен балаңды алып, үйге қайтып кел, күйеуің көнбесе, сотарқылы ажырасып, балаға алимент өндіріп ал. Өзің қызметке орналас, баланы бізбауырымызға басып өсіреміз», – деген ақыл айтады.

Мұны жазып отырғаным: 2018 жылыалған келінім 2019 жылы бір ұл туып, бізді бақытты қылған еді, алайда немеремалты айға толмай, жүрегімізді суырып алғандай, еш себепсіз немеремді алды датөркіні тайып тұрды. Басты себеп: «бұл үйде тұрғым келмейді», болды.  Ал қазіргі заң күйеуінің жазығы бар ма, жоқпа, әйелді қорғайды. Сот баланы әйелге алып беріп, күйеуінен алимент өндіреді.Жалғызбасты әйелге Үкімет бар жағдайды жасап, жеңілдікті  тудырып отыр: жұмыс та, үй де берді. Бүгінгітаңда Қазақстанда 3 миллионнан астам әйел тұрмыс құрмаған не ажырасқан. Олардыңалды 50-60 жастан асып, жалғыз өзі қалған.

Алматы қаласындағы үлкентойханаларда несие алып, той жасап қосылған жастардың 40-45%-ы 1-2 жылғажетпей-ақ ажырасатыны анықталған. Ал әргедегі көршілеріміздегі жағдай қандай? 2017жылғы көрсеткіш бойынша, Түркменстанда тұрмыс құрған жастардың 1%-ы,Тәжікстанда 2 %-ы, Өзбекстанда 6%-ы ажырасса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш 46%-ды  құраған. Бұл көрші мемлекеттердің жастарыәке-шеше тәрбиесін алған, солардың айтқанын тыңдайды, дініне берік, тәртібіжақсы екенін білдіреді. Ал біздің батыс елдерінен алған үлгіміз, ашқанжаңалығымыз 2019 жылдың соңында алынған статистикалық көрсеткіш бойынша, Алматықаласы және аудандарында жыл бойы некеге тұрғандардың жыл соңына дейінгікөрсеткіші:

2017 жыл – 84590,ал ажырасқандар 35 570 – 41 %

2018 жыл –81800, ал ажырасқандар 34 660 – 42,2 %

2019 жыл –83850, ал ажырасқандар 36 340 – 42 %

Бұл – заңдыкөрсеткіш, ал заңсыз некеге тұрмай отбасын құрып, ажырасып жатқандар қаншама?!..Сотқа беріп, жағдайымызды айтсақ, «Ата, сіздікі дұрыс, бәрін түсінеміз. Сізгежанымыз ашиды, бірақ заң әйелдің жағында» дейді. 

Бүгінгі таңда көптеген қалталыазаматтар қыздармен махаббат құрып, сәби тудырады. Соңында сәби әкесіз жетім,әйел күйеусіз жесір қалып жатады. Себебі оларды қосатын заң жоқ. Қазақ некесізтуған баланы көрдемше деген. Мұндай Кеңес дәуірінде де болды, бүгінгі таңдатіпті көбейіп кетті. Ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың осы көрдемше туралы жантебірентерлік өлеңі бар:

Өртеніп сондаөзегі,

Жылады өксіп,өлгенше.

Не деген зәрлісөз еді,

Әкесіз туғанкөрдемше.

Бұл – әлгіндейбалалардың «кімнің баласысың?» деген сұрағына жауап таба алмаған халі. Қазірзаңды некеден өтіп, отбасын құрып, бала туып, ажырасқандардың, жезөкшелік пензинақорлықтың, жалғызбасты әйелдердің, көрдемше сәбилердің көбеюі – қанымыздыңбұзылғанының белгісі. Жүрегінде иманы бар, тамырында қазақтың қаны бар әрбіржанды ойландыратын жағдайға жеттік. Біздің аналарымыз «өлімнен ұят күшті» дегенөсиет қалдырса, қазіргі қыздарымыз «ұяттан теңге күшті» деп, газет-журнал,телеарналарда жарнама жасап, қонақүйлерде, өз пәтерлерінде тәнін сатып,көрдемше сәбилер өсіріп отыр. Оның үстіне, өздерінше «Қазақстан халқын бірадамға көбейттік» деп мақтанатынын қайтерсіз?!.. «Жалғызбасты анамын» деп,әкімшіліктен жәрдемақы, пәтер сұрайды. Бұл не деген сұмдық, бауырларым?!..

2019 жылдың 23 желтоқсан күнікешкі жаңалықтарда көрсеткен Әділет министрі Марат Бекетаевтың депутаттарқойған сұраққа 6 миллиард теңгеден астам борышкерлердің алимент қарызыната-анасының зейнетақысынан өндіру жөнінде ұсыныс білдіруі – онсызданемерелерінен айрылып, зарлап, қасірет-қайғы шегіп отырған қарияларға үлкенсоққы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілермен өткізгенмәжілісінде: «бір әйелдің қаңғыбас ит пен мысыққа аяныш білдіріп, оларды қорғаужөніндегі жазған хатын оқығанын және дұрыс мәселе көтергенін, оны қолдайтынынестігенімде, «Ал біз адамбыз ғой! Көп жыл аңсап, енді жеттім бе деп, маңдайынаниіскеп, бауырымызға басып, жұбаныш болған немеремізді жүрегімізді суырыпалғандай тартып әкеткен, тәрбие көрмеген келіндердің әрекетіне әділет іздегената-әжелердің мұңы мен зарын тыңдап, қаншама тірі жетімге айналған сәбилердіңкөз жасын көріп, заңға келесі өзгерістерді енгізуді сұраймыз:

1.    Қызтұрмысқа шықты ма, сол үйді өзімдікі деп, қызмет етіп, перзент сүйуі керек,егер күйеуі қаза болса, онда қайынағасына, інісіне немесе етене жақын туысынатұрмысқа шығуы керек;

2.    Еразаматтардың құқығын қорғау, әйел себепсіз ажырасса, оның кінәсі дәлелденсе,сәбиді әкесіне қалдыру;

3.    Еркекбірінші әйелінен сәби сүймесе, өзге әйелмен көңіл қосып, сәби сүйсе, екі әйелгебірдей жағдай жасаса, ондай некені заңдастыру керек;

4.    Жезөкшеліккесалынғандарға заң бойынша қатаң жаза қолдану.


Алдымыз 90 жастан асқан,соңымыз зейнеткер қариялардың қазақ жұртының атынан жазған мұңымен жоғарыдакөрсетілген статистикалық көрсеткішті ескеріп, Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Бізжаңғыру жолында, бабалардан мирас боп қанымызға сіңген, бүгінге тамырымыздабүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді түлетуіміз керек», деген теориялық ойын іскеасырып, отбасы туралы заңға өзгеріс енгізілсе, судьялардың жұмысын жеңілдеп,миллиардтаған алимент қарыздар талап етілмей, отбасын бұзу, жезөкшелік,зинақорлық, жесір әйел, жетім бала, жалғызбасты жандардың пәтер талап етуіазайып, жетімдер үйі мен қарттар үйінің есігі жабылатынына сенеміз.

Аналарымыз бізді «ұят болады,обал болады, сауап болады», деп тәрбиеледі. Осы небары үш-ақ ауыз сөз, қағидабоп қалыптасқан еді.

Қазақстан отбасын бұзуданәлемдегі алдыңғы қатарда. Егерде мұның алдын алмасақ, бірінші орынғакөтерілуіміз ғажап емес. Біздердің 8 қаңтарда әділ Президентіміз Қ.Ж. Тоқаевмырзаға Қазақстанның 7 облысынан елге белгілі қариялардың атынан жоғарыдағытақырыпта жазған хатымызға 20.01.2020 жылы Нұр-Сұлтандағы Ақ ОрдаданБұйрабекова деген азаматшадан «хатты алдық, тиісті органдардан жауап күтіңдер»деген жауап алдық.

24 ақпанда Әділет министрі заңқызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.Атагазиновадан хат алдық.Онда: «Өтінішіңізде көрсетілген ұсыныстар сарапталып, сіздердің белсендіазаматтық көзқарасыңыз және қоғамымызға отбасы мен неке құндылықтары, дәстүртәрбиесін сақтау мәселелерін көтергендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз. Осыбағытта мемлекеттік органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңдаелімізде ажырасу санының көбейуі – өкінішті жағдай. Былтыр заңды қосылғаннекенің 43%-ы ажырасқаны анықталды. Қазіргі уақытта алимент өндіру туралы 205мың атқару-құжат орындалуда», дей келе, Президентке жазған өтініштің әр бабынасәйкес талдап, заңдағы стадияларды көрсетіп, төрт парақ хат алдық.

31.03.20 жылы Ішкі істерминистрі төрағасының бірінші орынбасары А. Аубакировтен үш парақ жауап келді.Ол хатта ішкі істер министрлігі отбасын нығайту жөніндегі істеп жатқанжұмыстарын және жезөкшелік туралы заңнамаға сәйкес түсіндірулер берген.

Президентке хат жолдағанқариялар елге белгілі, еңбегі сіңген, әрбірі мыңдаған қол үлесіне татитынжандар. Конституциялық заңды біледі, үйретудің қажеті жоқ! Біз заңға өзгерісенгізуді талап етеміз!

Халықтың атынан жазылған хатПрезидентке жетпесе, депутаттар хабарсыз болса, онда демократиялық тәуелсіз елболып, ата-бабамыздың дәстүрі мен тәрбиесін іске асырмасақ, жастарға тәрбиебере алмасақ, ажырасу 50%-дан асса, жалғызбасты әйелдер мен жезөкшелік жәнекөрдемше сәбилер көбейіп, қартайған ата-ананың қадірі кетіп, қанымыз бұзылып,қазақ деген ар-намысымыз аяққа тапталмай ма?

Еске түсіре кетейік, христиандінінде Иса Пайғамбарға түскен Інжілде көрсеткен әрбір еркек бір әйелге үйленуқағидасын бүгінге дейін қолданып келеді. Мұхаммедке Пайғамбарлық келген күнненбастап, жат қылықтардың тамырына балта шабылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Хадишаанамыздан кейін Айша, Нафиса, Зейнеп, Зүбайда, Умму-Хабиба, Сафия, Мәймуна,Мәриям, Сауда атты әйелдерге үйленуі, әйел адамдарға теңдік беруі – халыққакөрсеткен үлгісі еді. Себебі Пайғамбарымыз сол әйелдерінің бәрімен бірдей тату-тәттіғұмыр кешкен. Алла Елшісі өз хадисінде «Қоғам азарда достық жоғалады», деген.  Абайдың әкесі Құнанбай төрт әйел алса, Абайдыңөзі Ділда, Әйгерім, Еркежан (інісі өлген соң атастырған) үш әйелінен 10 ұрпақөсірген.

Абылайхан 12 әйелінен 30 ұл, 40қыз өсіріп (энциклопедия 45-бет)сол әйелдері некеде болғандықтан, балаларыжетім, әйелдері жесір қалмаған.

Ислам дініндегі МұхаммедПайғамбарымыздың жолы, бабаларымыздың салт-дәстүрі, тәрбиесі, ТұңғышПрезидентіміз Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз жаңғыру жолында, бабалардан мирас бопқанымызға сіңген, бүгінге тамырымзда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттердітүлетуіміз керек» деген теориялық ойын жүзеге асырып, Президентіміз заңғаөзгеріс енгізгенін көрсек, біз қариялар о дүниеге армансыз кетер едік!

ТасмағамбетОмарұлы,

Алматыоблысы,

Ілеауданы, Қазцик ауылы.

Өтінішті қолдаушылар:

Аманқос Төреханов, 94 жаста,ардагер, Түркістан облысы;

Ұшыға Отарбай келіні, 91 жаста,Батыр ана, Алматы облысы;

Дәметкен Омарова, 86 жаста,Батыр ана, Ақтөбе облысы;

Құралжан қажы Юлдашев, имам,Шымкент қаласы;

Орынбай Балтабаев, еңбекардагері, Тараз қаласы;

Махмут Байтілеуов, бизнесмен,Маңғыстау облысы;

Аманғали Романов, саясаткер,Алматы қаласы;

Түгелбай Ташенов, «Желтоқсан»көтерілісінде 14 жылға сотталып 1992 жылы ақталған, Қайрат Рысқұлбековтіңсоңғысы.

Жалпы 26 адам қол қойған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42