Коронавирус әлемнің дамуын кері бұрып жіберді

Сайт әкімшілігі

16.09.2020, 03:34

362

Сovid-19 пандемиясы әлемнің дамуын 20 жылға кешеуілдетті, деп хабарлайды  BBC агенттігі.

 «Әлемде Covid-19 коронавирусын жұқтырған адамдардың саны 30 миллионға жақындады. Пандемия басталғаннан бері, одан қайтыс болғандардың саны – 929 мың адамды құрады. 30 миллионға жуық адам сауығып шықты», деп хабарлады Джонс Хопкинс университеті.

Covid-19 пандемиясы әлемнің дамуын кері бұрып жіберді. Сарапшылар қазір осы мәселені талқыға салып жатыр. Яғни олар өркениет қанша жылға кері кетті деген мәселеге бас қатыруда. Билл және Мелинда Гейтс қорының дүйсенбі күні шығарған жыл сайынғы баяндамасында 20 жыл туралы мәселе көтеріліп отыр. Құжатта пандемияның бірнеше айы халықаралық ұйымдардың жылдар бойы атқарып, қол жеткізген жетістіктерін құрдымға жібергені айтылады. Қайыршылық жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың саны осы уақытта жеті пайызға өскен. Бұдан бөлек, басқа ауруларға қарсы вакцина егу жағдайы 1990 жылдардағы деңгейге түскен.

«Жағдайды бірлесіп ушықтыратын апаттар» — Сovid-19 пандемиясын мүмкіндігінше дәл сипаттайтын сөз. Әуелі вирус пайда болды, одан кейін үкімет онымен күрес жүргізу үшін ресурстарды қайта үлестіре бастады, одан кейін адамдар індет жұқтырып алу қорқынышымен дәрігерлерге барудан қалды. Осының барлығы денсаулық сақтау секторындағы толыққанды катастрофа элементтері», — делінген баяндамада.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05