Коронавирус біз ойлағаннан қауіпті

12.02.2020, 14:30

7

Коронавирустыңинкубациялық кезеңі бұрындары хабарланғандай 14 күн емес, 24 күн екені белгіліболды.  Бұл кезеңде індетті жұқтырған ауыру адамнан сырақттың  ешқандайбелгілері байқалмайтын көрінеді. Кәзіргі күндері 42 мыңнан астам жұқтырған,оның алты мыңы ауыр халде жатыр, мыңнан астам адам көз жұмды.

Коронавирустыанықтау үшін жасалған сынақ тесттердің 50 пайызы жалған көрсеткіш береді. Демек,ауыру жұқтырғандардың жартысы карантинге алынбаған болып шығады.

Бұл мәліметтер ҚХРМемлекеттік комитетінің сараптама комиссиясы жүргізген зерттеулердіңнәтижесінде белгілі болып отыр.  Қаңтардың 1-нен 29-ына дейінжүрген зерттеу барысында Қытайдың 31 әкімдік-территориялық ауданындағы 552ауыруханадағы 1000-нан астам ауыру қамтылды. Белгілі болғаны –  инкубациялық кезең, орташа есеппен, жалпы 3күнге созылып, ең арғысы 24 күнге дейін барады екен. Зерттелген 1099 пациенттіңтек 1,18% ғана жабайы табиғатпен тікелей қатынасқа түскен. Олардың үштен бірбөлігіне жуығы Уханьда болып қайтқан, ал,  71,8% сол Уханьнан келген біреумен араласқан.Бұл вирустың адамнан адамға оңай жұға беретінін көрсетеді.

Ал, кеше басталып,бүгін жалғасып жатқан Женевадағы жаңа коронавируспен күрес саласындағызерттеулер мен инновациялар бойынша жаһандық форум аясында өткен брифингте  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкіліФадела Шаиб «Біз әлі де бұл вирусты тани қойған жоқпыз, бастапқы кезеңіндежүрміз. Ол қалай жұғады, ошағы не, инкубациялық кезеңі, қаншалықты қауіптідегенді әлі толық анықтау қиын. Инкубациялық кезеңін біз 1 – 14 күнге дейін депотырмыз, бірақ, әлі де зерттеп жатырмыз» деп  мәлімдеді.  

ДДСҰ-ның деректерібойынша, кешегі күнге дейін, Қытайда 42 708 сырқат тіркеліп, 1017адам қайтыс болды. Қытайдан тыс жерлерде ауыруға шалдыққандар саны 393 (24мемлекет), бір адам көз жұмды.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34