Коронавирус қайта өршіді

Сайт әкімшілігі

24.03.2021, 09:35

393

ДДСҰ мәліметі бойынша вакцинацияның төмен деңгейі және адамдардың локдауннан шаршауы Еуропада коронавирустың жаңа жағдайларының өсуіне әкелген. Сондай-ақ, соңғы бір жарым айда бүкіл әлемде COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің апталық деңгейінің алғаш рет өсуі байқалған деп хабарлайды «Жас Алаш» Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Бүкіл әлем бойынша індетті жұқтырғандардың апталық есебі 8 пайызға өскенін көрсеткен. Еуропада өсім 12% құраған, ал Америка мен Африкада індеттің жаңа жағдайларының саны аздап төмендеген.

Германия канцлері Ангела Меркель және аймақ басшылары мемлекетте енгізілген локдаунды 18 сәуірге дейін ұзартып, Пасха мейрамы кезінде қатайтуға шешім қабылдады. Пасха мерекесі кезінде, бес күн қатарынан «Біз үйде боламыз» қағидасы қолданылады. Осы уақытқа аралығында барлық сауда нүктелері жабылмақ, тек сенбі күні ғана азық-түлік дүкендері үшін ерекше жағдай жасалады, қалған төрт күнде супермаркеттер де жабылмақ. Осы бес күнде қоғамдық орындарда жаппай жиналуға толық тыйым салынады. Германия үкіметі шіркеулер мен діни қауымдастықтарды Пасха қызметтерін онлайн форматта өткізуге шақырды.

Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі AstraZeneca вакцинасын 55 пен 65 жас аралығындағы адамдарға қолдануға рұқсат берді. Бұрын бұл препарат Испанияда 55 жастан аспаған адамдарға ғана қолданылып келген.

Жапония COVID-19 таралуына байланысты қаңтар айының басынан бастап енгізілген төтенше жағдайды алып тастады. Наурыз айының соңына дейін мейрамханалар мен барлар үшін 21 сағаттан кейін, ал қызметкерлер үшін қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныстар күшінде қалады.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58