Коронавирус қаңғытты, іздегендерге «жақұтты»

02.04.2020, 07:08

49

 Коронавирустың таралуына байланыстыстуденттерді ауылдарға жіберіп, оқушыларды үйде оқытуға шешім қабылданғандақуанбаған жан қалмады. Олар үшін қашықтан оқыту түк емес секілді көрінген.Өкінішке қарай, бұл тəсіл күтпеген қиындықтарға ұшыратты. Бəрі интернетке келіптіреліп тұр. Интернет байланысы нашар ауылдарда үйдің шатырына шығып, төбежағалап, смартфонмен алысып жүргендерді көрсеңіз еш таңғалмаңыз. Бұл сабақоқудың амалын қарастырған мұғалімдер, студенттер жəне оқушылар деп білерсіздер.Осы орайда, «Жас Алаштың» тілшісі мұғалім, ата-ана, студенттермен пікіралмасты.

 Балауса, мектеп мұғалімі (Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбекауылы): 

– Қашықтан оқыту жаңа проблемаларды тудырып жатыр. Қағаздың астындақалдық. Мысалы, мен 6-сы күні сабақ өтсем, оны 5-і күні видеоға түсіріп,ауданға жіберуім керек. Смартфоным ондай талапқа сай келмейді. Камерасы нашар,видеоға түсіретін адам да жоқ. Мұғалімдердің чатта жазып жатқандарынақарағанда, кей балаларда телефон түгіл, үйінде теледидар да жоқ. Олар қалайоқиды? Ауылда интернет нашар, ол интернет түзелген күннің өзінде, бір отбасындабес бала болса, бəріне бір-ақ телефон. Оның өзі анасының анда-санда хабарласыптұруы үшін алынған. Мектеп əкімшілігіне осыны айтсам, «мəселе қарастырылыпжатыр, мектептің компьютерлерін беретін шығармыз» дейді. Ол жерде тұрған 13компьютердің екеуі ғана жұмыс істейді. Берген күннің өзінде, интернет жоқболса, одан не пайда? Кеше «Дарын» орталығына тіркеліңдер» деп еді, онымен түнібойы алысып шығып тіркеле алмадым. Тастай салдым сосын. Əсем (есімі өзгертілді)мемлекеттік емес ЖОО мұғалімі: – Бізге «30 наурыздан бастап сырттай сабақбересіңдер» деді. «Zoom» деген қосымшаны жүктеңдер деген бұйрық келді. Оның өзі30 минут өткен соң ақылы болады дейді. Білмеймін, өзіміз де абдырап қалдық.Студенттердің бірқатары интернетке зəру. Олардың электронды пошталарынатапсырма беріп отырамыз. Интернет тұрмақ, телефонмен хабарласып сөйлесудің өзіқиын боп отыр. Кеше 3-курс студентіме хабарласып едім, сөйлесе алмадым. Бізгебір қосымшамен конференцияға шығыңдар деген, оған да қосыла алмадым. 

Гүлнұр(есімі өзгертілді) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттікуниверситетінің студенті: 

– Иə, интернетпен байланыс топтағы он шақты балағақиындық тудырып жатыр. «Zoom»-мен оқып жатырмыз. Бірақ кей балалар сабаққақатыса алмайды. Себебі оларда интернет нашар. Біз арқылы ғана байланысқа шығып,не тапсырма берілгенін біліп, өзімізге қайта жіберіп жатыр. Біз онымұғалімдердің пошталарына жібереміз. Бір сөзбен айтқанда, өлместің күні. 

Жадыра(есімі өзгертілді) көпбалалы ана: 

– Менде бір ғана телефон бар. Оныменбейнесабаққа үш балам бірдей шыға алмайды ғой. Енді телеарналардан сабақ өтедідеп жатыр. Соны көретін шығар. Теледидардан көріп, оқыған сабағы қалайбағаланатынын да білмеймін. Бірақ балаларымның сабақ үлгерімі жақсы еді. Солдеңгейден түсіп кетпесе екен деген ойдамын. 

Дидар Қайрат, студент: 

– Мен қалашетінде тұрамын. Біз жақта интернет ұстамайды. Амал жоқ, сабақ оқу үшін Текеліқаласындағы туыстарыма келіп тұруға мəжбүрмін. Бұл жақтан да бір адамнанкоронавирус табылыпты деген əңгіме тарап жатыр. Сонда менің түсінбейтінім, вирусжұқтырмасын деп қаладан қайтарғанымен, екінші бір қалада интернет үшін жүругемəжбүр болғанымыз. Осы мəселелерге байланысты білім жəне ғылым министріАсхатАймағамбетов өзінің Facebook парақшасында былай деп жазған: «Телеарналарарқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейнесабақтар сабақ кестесіне сайкөрсетілетін болады. Бұл тетік, əсіресе, интернет қуаты əлсіз жəне қажеттіқұрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшінөзекті». Алайда қазір сабақ өтіп жатқан студенттердің мəселесі қалай шешілетінібелгісіз.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42