Коронавирус жағадан алғанда

30.07.2020, 06:24

48


МӘМС жандайшаптары халықты Qoldau 24/7 жүктеугежаппай мәжбүрлеуде

Елдегі мемлекеттік емханалар мен аурухана атаулыдажаңа қарбалас басталды. «Коронавирустың таралуына жол бермейік, оған қарсыкүреске жарыса жұмылайық» деген қарбалас емес. «Qoldau 24/7 деген қосымшаны «жүкте»,келген науқастарға да «скачать» еткізіп, тіркелуіне көмектес» деп, қарапайымдәрігерлер мен медбикелер армиясын мәжбүрлеп жатыр» дейді жоғарыдан нұсқаулықалған аға қызметкерлер мен бас дәрігерлер.

      Алматыдағы №24 емхана – қаладағы көпемхананың бірі. Мұнда қызметкерлерге «Qoldau 24/7-ті телефоныңа жүкте, оғанкір, тіркел» деп төбеден нұқу басталды. Тіпті мейірбикелерді телефонынтексермей, кешке үйіне қайтармайтындай не сұмдық көрінген екен бұларға? Емханаперсоналы өздері жүктеп алғаны аздай, енді алдына ем алуға келген науқастардыда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеуге азғыруға мәжбүр. Ол құралдың непайдасы бар, ішінде қандай қызық бар десеңіз – оған тіркелген қолданушы,айналып келгенде, өзінің медициналық сақтандыру жүйесіндегі статусын тексередіекен. Сақтандыру жүйесінде тіркелген-тіркелмегенін өзі білмейтіндей.   

       Бұл Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы мемлекетқаражатын жымқыруына байланысты жемқорлық бабы бойынша қазір үстінен ісқозғалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы АйбатырЖұмағұловтан қалған мұра еді.

      «Qoldau-24/7 – МӘМС жүйесіндегі сіздіңкөмекшіңіз» деген тақырыппен жарнамалық мақалалар баспасөзде қаптап жүр. Қайгазет-сайт тегін шығарады десеңізші, мемлекеттің қайран ақшасы ғой. Дәрі-дәрмектаппай, сенделіп жүрген халыққа бейне бір өте қажет нәрсе сияқты Qoldau-24/7қосымшасын пәленше мың адам жүктеп, тіркелді деп, есептерін әлі соғып жатыр. Алшындап келгенде пайдасы күмәнді дүние. Тек оны әзірлеп, енгізуге бөлінгенақшаны игеріп алғандар мен қызметін жүргізіп отырғандар ақша тауып қалғаныболмаса. Халық өте-мөте қызығып, бір-бірімен таласа «скачать» етіп, өліп-өшіппайдаланып, қызығын көріп жатыр деген «показуха» жасалып жатыр көз алдымызда.Ел пневмониядан жаппай қырылып жатқан қазіргі жағдайда қой дейтін біреу бар маекен, бұларға?

       Кезінде атышулы «Күнделікті» де көрдік қой,осыған тым ұқсас жоба болатын. Онсыз да қағазбасты, жұмысы бастан асатынмұғалімдер әрбір оқушының атынан жүйеге күніне неше кіріп, неше шығатын.Оқушылар мен ата-аналарға «күнделікке кіріңдер» деп, жатып кеп жалынатыны дасол өтірік көрсеткіштер үшін жасалғанын ұмытпайық.

      Енді, міне, карантин мен қауіпті індеткеқарамастан, күнде жұмысқа жегіліп жүрген медициналық персонал енді Qoldau-24/7қосымшасына қалтасындағы жекеменшік телефонынан орын бөлуі міндет болды. Оғантағы кіруі тиіс, өзінің интернетін шығындап.

        Президент жариялаған аза тұту күніндекөрдік, медициналық қызметкерлер тағы да «показуха» жасауға жегілді, күнніңыстығында жол бойында қаз-қатар тізіліп тұрып. Мына түрімізбен дейміз-ау, ертеңбұл мемлекетте не болар екен? Өліп қалсақ та, биліктің жандайшаптары «олартірі» деп, «показуха» жасап тұрмасын.

Әділ АҚЫЛБАЙ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 02.12.2020, 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04