06.04.2021, 10:39
1734
Наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
— Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты — тәулігіне 1800-ге жуық науқас тіркелді. Сәуірдің бес күнінде 9 983 жағдай тіркелді, күніне 2 мың адамға дейін ауырып жатыр", — деді Цой үкімет отырысында.
Оның айтуынша, науқастар саны артуы ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты."
Аймақ әкімдері төсек-орын мен жедел медициналық көмек көрсететін мобильді бригадаларды дайындау бойынша шаралар қабылдауы қажет", — деді ведомство басшысы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР