Коронавирус жұқтырып алғанымды әке-шешеме де, келіншегіме де айтпадым – оралдық дәрігер

25.05.2020, 07:16

175

Сәуір айының аяғына таман емханада жұмыстажүргенімде мені Оралда коронавирус көбейіп кеткенін айтып, коронавируспенауырған науқастарды емдеуге шақырды. Дәрігер, оның ішінде  инфекционист болған соң «тікелей борышым ғой» деп дайындалып бардым. Барар алдындаемханада Ковид19 -ғаПЦР тапсырып алдым. Таза болған соң жұмысқа кірісіп кеттім. Қорғаныш киімдерінкиіп, сақтық шараларын сақтап жүрдік. Пациенттерді емдеп, барынша түсіндіріпжүрдік. Сол сәуір айының аяғында бірнеше медициналыққызметкерлердің(дәрігерлер, медбике, санитаркалар) коронавирус жұқтырғаныанықталды. Менен деалған. Таза болып шықты. «Соларментікелей қатынаста болдыңдар»деп бізді провизорлы стационарға жатқызып тастады.

Содан үш күн өткенде дене қызуым 37.3°С қа жоғарылап,басым, белім, буындарым қатты ауырғаны соншалық, жаным көзіме көрінді. Түніменқұсып шықтым. Ертеңіне менен тағы коронавирусқа анализ алды. Анализқорытындысында менде коронавирус бары анықталып, жұқпалы ауруханаға әкепжатқызды. Қызуым 37,2-37,3 градус айналасында болды. Басым, буындарым, белімауырғаны күшеймесе басылмады. Басымды көтере алмадым. Шынымды айтсам 5 күн нәртатпадым. Тамаққа тәбетім мүлдем болмады. Өзім инфекционист болып жұмысжасағанда қанша вирусты ауруларды емдей жүріп, арасында тұмаумен өзім деауырдым. Бірақ дәл осындай ауруды көрген емеспін. Температура 38,0-38,5 градусболғанда да парацетамол ішіп, жұмысымызды жалғастырып жүре беруші едік. Ал мынаауруда 5 күн басымды көтере алмадым. Оған жөтел мен кеудедегі қатты ауырсынуқосылды. Өкпені КТ түсіргенде екі жақты пневмония анықталды. Қосымша тағы емқосылды. 15 күн дегенде толық өзіме келдім. 24 күн жатып, екі рет анализтапсырып, анализім таза болған соң бүгін ауруханадан шығып отырмын. Карантинбасталғанда келіншегімді балалармен ауылға жіберген болатынмын. Келіншегімніңаяғы ауыр.

Коронавирус жұқтырып алғанымды әке шешеме де, келіншегімеде айтпадым. «Текконтактідеболғаным үшін карантинде жатырмын»деп айтып келдім. Себебі олар не істей алады. Құр босқа уайымдағаннан басқа.Тек бүгін шыққан соң ғана ауырып емделгенімді, уайымдаудың қажеті жоқ екенінайттым. Соның өзінде уайымдап жатыр.

Фейсбук бетіне жазбағаным да сол еді. Естіп қойсауайымдар деп.

Айтайын дегенім Коронавирус басқа жұқпалы ауруларғаұқсамайды. Өте ауыр өтеді, және ұзақ емделуді қажет етеді.

Қандай ауру болса да 7-9 күннен аспайтын. Меніңқасымда жатқандар да, бірге түскен медқызметкерлер де де менікіндей жағдайболжы. Интоксткация, пневмония. Сондықтан бұл ауруға немқұрайды қарауғаболмайды.

Мен жатқанда бір жігіт түсті. Коронавируспенконтактідеболған. Анализ алғанда анализі таза болып шыққан. Контактыда болғаны үшін 14күн провизорный стационарға жат дегенді тыңдамай, айқайласып үйіне кетіпқалған. 5 күннен соң бүкіл отбасымен келіп түсті. Барлығында температура,жөтел, интоксикация.

Қазір барлығы жақсы. Бірақ қатты ауырған кезімдіойласам, жүрегім ауырып кетеді.

Абайлайық бауырлар.

ӘділбекНұрымбетов,

Оралдық дәрігер

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20