Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Сайт әкімшілігі

18.09.2020, 04:02

2107

COVID-19 жұқтырған адамның ауруы асқынғанда күресу үшін қолданылатын азитромицин антибиотигін бірқатар басқа препаратпен қолданған кезде жүрек талмасы болуы мүмкін. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар 44 миллионнан астам пациент туралы ақпаратты зерттеп, амоксициллин мен азитромицин қабылдаған топтардың нәтижесін салыстырған. 

Азитромицин мен жүректің электрлік импульстарына әсер ететін препараттарды бірге  қабылдаудан — жүрек қызметінің әлсіздігі 40 пайызға артатынын, яғни, талып қалу, жүрек соғысының жиілеуі, тіпті жүрек талмасы болатыны белгілі болды.

Мұндай дәрі-дәрмектерге қан қысымына қарсы препараттар, антидепрессанттар, безгекке қарсы препараттар және опиоидтар жатады.

Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек аритмиясына әкелетін дәрі-дәрмектерді мұқият тағайындауға шақырған болатын.

Бұл тізімге COVID-19-ға қарсы препараттар да енген. Олардың қатарында — хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Дәрігерлердің пікірінше, осының барлығы жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін, делінген материалда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 27.05.2022, 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар
Сайт әкімшілігі 25.05.2022, 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47