Коронавирустың екінші толқыны: Бекшин алматылықтарға нені ескертті?

Сайт әкімшілігі

21.10.2020, 03:52

579

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың екінші толқынына байланысты алматылықтарға үндеу жасады. 

«Коронавирус инфекциясының болуы мүмкін жаңа толқынына байланысты стандартты сақтық шараларын сақтауға, қонақ шақырып, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, қоғамдық көліктерге отырмай, шет елдерге ұшудан аулақ болуға кеңес береміз.

Біз қазір көрші Ресейде жағдайдың қаншалықты күрделене түскенін көріп отырмыз, науқастар Түркия, Мысыр, Дубай және Батыс Еуропадан ұшып келіп жатыр. Қазір авиациялық байланысқа шектеу қойылды және бұл жұмыстар жалғасып жатыр», — деді Бекшин.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 539-ға жетті, оның ішінде 14 156 адам сауығып кеткен. 275 адам қайтыс болған.

Ал Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 109 623-ке жетті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:16
Ұсталған азаматтарды азаптап жатқаны рас па:Бас прокуратура жауап берді
Сайт әкімшілігі 09:50
Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды
Қуаныш Әбілдәқызы 23.01.2022, 16:09
Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта ашты
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:49
LRT-ның болашағы не болады?
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:19
Ришат Асқарбекұлы: "Жұрттың жанайқайын айтқан бір депутат көрсек, көзіміз шықсын"
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 14:58
"Бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатыңыздар": Жаңаөзенде жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48