Коронавирустың Қазақстанға тарау қауіпі бар ма?

18.02.2020, 10:44

44


Ел-жұрт алаңдап отырған мәселелердің ең өзектісі –Қытайдағы коронавирус, оның қазақ жеріне жайылып кету қаупі. Ал, шығыстағы көршімізденкеліп жатқан хабарларға қарағанда, бұл індеттің бетін қайтару әлі де мүмкін болмайтұр. Ауыруды жұқтырғандардың да, одан көз жұмғандардың да саны арта түсті.  Қазір өліп кеткендердің саны екі мыңға да таяпқалды. Шамамен алғанымның себебі – мен мәтінді теріп біткенше де біраз адам анадүниеге кетіп қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп отыр. Оныңүстіне, короновирустың инкубациялық кезеңі үшін бастапқыда белгіленген 14 күназшылық ететіні анықталды. Өткен аптада оны 24 күнге созса, енді қытайлықтар күдіктіадамды 40 күнге карантинге жатқызбақшы. Осы тұрғыда әлеуметтік желіде көзгетүсіп, көңілімді бұрған ақпараттың бірі – Фейсбуктегі белгілі тұлғалардың біріАся Асеткинаның жазбасы. Ася «Қытайда адамдардың коронавирусты жұқтырғаны 40күннен кейін де анықталып жатыр екен. Ғалымдар адам ол вирусты жұқтырып алып, ем қабылдап, сауығып кетседе, адам денесінде вирус өмір сүре беруі де мүмкін деген болжамға келіпті. Осы себепті коронавирус жұққандарды Қытайда алдымен 14 күндеген еді, артынан 20 күн, ал қазір 40 күн бақылау керек деп жатыр. Ал біздің үкімет Қытайдан әкелген студенттерді үш күн ғанаұстап, кейін үйлеріне жібере салған көрінеді» дейді.  Ася өте маңызды мәселені көтеріп отыр. Бірақоны толғандырған ой биліктің, дәлірек айтсақ, министр Біртановтың басынакелмегені қынжылтады. Бүкіл елді қауіпке тіреп қойды. Індеттің адамнан адамғажұғып жатқаны белгілі. Жапония мен Германияда Уханда болып келген адамдармен,сол жақтан келген туристермен қатынасқа түскен адамдар жұқтырып жатқанын бүкіләлем БАҚ-тары жазды.  Біртанов ол туралыбілмей ме, әлде нені, қалай істеу керек екенін білмей ме? Ася Асеткинаныңжазбасын жалғастыра оқысақ: «Кеше таныс бір келіншек маған хабарласып, қалалықавтобустың ішінде, бір медбике әйелдің өз әріптестерімен телефонмен сөйлесіпкеле жатып, «ол студенттердің арасында ауру жұқтырғаны да бар»дегенін өз құлағыммен естідім деп хабарласты. Мұныңқаншалықты рас не өтірігін білмеймін, бір білетінім, біздің билік неге бей-жайотыр? Қытайдан әкелінгенстуденттердің үйіне қайтарылғаны рас па? Егер ол вирус елге келсе, мына үкіметқарсы төтеп бере алады ма???»

Бұл ел ішінде үрей туғызатын мәлімет. Оның үстіне, үкіметке,біздің меидцина саласына деген сенімсіздік те бар. Біртанов мырза, қандай жауапбересіз?

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52