22.01.2021, 09:58
929
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус салдарынан 11 адам, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Жас Алаш».
Барлығы бір тәулікте 1430 коронавирус, 96 пневмония жағдайы анықталды.
22 қаңтардағы жағдай бойынша, 25 469 адам КВИ-ден емделуін жалғастыруда (13 788 КВИ+ және 11 681 КВИ-), оның 6 791 пациенті стационарда, ал 18 678 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- пациенттерінің арасында:
ауыр жағдайда — 291 науқас,
өте ауыр дәрежеде — 50 науқас;
ИВЛ аппаратында — 39 науқас жатыр.
Пандемия басталғаннан бері 2457 адам коронавирустан, 549 адам пневмониядан қайтыс болды (1 тамыздан бастап).
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР