«Көсеуі ұзынның қолы күймейді» немесе атышулы мақаланың артында кім тұр?

16.04.2020, 13:34

17

Қытайдың әйгілі«Соху» сайтының «Тарих» бағанында жарияланған Қазақстанның тарихын,мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін жоққа шығаратын, халқының ар-намысына тиетінмақаланы мен де оқып шықтым. Дәл қазіргідей Қытайдан тараған коронавируспенкүресіп, төтенше жағдайда отырған еліміз үшін мұны мен жығылғанға жұдырықнемесе халықтың төзімі мен жүйкесін сынаған ақпараттық соғыс деп есептеймін.Сонымен бірге бұл екі елдің қарым-қатынасына, екі ел халқының достығына іріткісалатын мүлде негізсіз, принципсіз, жауапкершіліксіз сөздер деп есептеймін. Бұлбұрыннан бері жағы талмай айтып келе жатқан іріқытайшылдық насихаттың жаңадәуірдегі байытылған, жетілдірілген көрінісі.

 Менің таңғалатыным‒ осындай арандатқыш мақаланың қалайша ҚХР-дағы білдей бір беделді сайттажарияланып, 1,5 миллиард халықты қамтыған ең танымал әлеуметтік желідетаралғаны болып отыр. Егер ниеті түзу болса, ақпарат құралдарын, сайттар менәлеуметтік желілерді кірпік қақпай күзетіп отырған Қытай үкіметінің мұныбайқамай, көрмей қалуы мүмкін емес. «Көсеуі ұзынның қолы күймейді» дегендей,мұның артында біреуді осыған айдап салып, аңысын аңдып отырған әлдеқандай мығымкүш бар деп ойлаймын.

Екі ел арасында 1994 жылғы  шекара келісімі мен кейін келе қол қойылғаноның қосымша құжаттарына сәйкес, екі елдің қазіргі шекара линиясы 2002 жылы 10мамырдан бастап ресми шегенделіп, мойындалды. Сол кезден бастап Қытай үкіметітарихи дау-дамайға нүкте қоюға міндеттеме алған болатын. Өкінішке қарай, соданбері Қытай үкіметі Қазақстанға деген территория талабын ресми ортаға қоймасада, бейресми реуіште ішкі ойын білдіріп келеді. Бұл Қытайдың әлемдегі екіншіэкономикаға айналғаннан кейінгі кезде сыртқа қарай өз ықпалын арттыру, басқаелдерді өз протекторатына айналдыру, мүмкін болса қосып алу амбициясыныңкүшейіп келе жатқанын көрсетеді. Сол үшін олар тарихтағы қандай да бір «жердауын» ауық-ауық көтеріп отыр.

 Осыдан жиырма жылбұрын  қытайлардың менен «келешектеҚазақстан мен Қытайдың достық қатынасына не кедергі болады» деп сұрағаныесімде. Мен дипломат емеспін. Бірден ойыма келген үш мәселені айтып қалдым. Бірінші,тарихи-территория дауы, яғни Балқаш көлінің шығысы мен оңтүстігіндегі 440 мыңшаршы шақырым территория тарихта Қытайдыкі болған деген далбасаны тоқтатукерек. Оның тарихи негізі жоқ, бұл Кеңес Одағы мен Қытайдың қырым-қатынасынашарлап тұрған  кездерде қаттыкөтерілген тақырып. Енді екі ел арасында шекара келісіміне қол қойып отырып,бұл мәселені қайта-қайта бықсытудың қажеті жоқ. Оны тарихи атластардан, оқуқұралдарынан, энциклопедиялық еңбектерден алып тастау керек дедім. Екінші,трансшекаралық өзендер мәселесі. Қазақстан – су көздеріне тапшы ел. Елдегі төртірі су артериясының төртеуі де шетелден келеді. Егер Қытай  бізге келетін өзендерді бөгеп алса,Қазақстанда экологиялық, гуманитарлық катастрофа орнайды, бұл басы ашық мәселе,бұған халық шыдап тұра алмайды дедім. Үшінші, Қытайдағы қандастар мәселесі. Бұлда біздің жан жарамыз. Біз аз халықпыз. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Қытайдағықандастардың Қазақстанға емін-еркін қатынап тұруына жағдай жасалса дейміз.Бұдан Қытайға келіп-кетер ештеңе жоқ, оны саясаттандырмау керек дедім. Өйткенісол кезде Қытайда қазақ шовинизмі (大哈萨克主义) деген мәселекөтеріліп жатқан.

  Үрімжідегі «Бинтуань қызмет жиналысы» дегенбұл мәселе күн тәртібіне шыққан. Сөз сөйлегендер Назарбаев дүниежүзіндегіқазақтарды жинап, үлкен Қазақ мемлекетін құрмақшы деп дабыл қағыпты.Қазақстанның тәуелсіздік алуын көре алмайтындар, мысықтілеулілер сол кезде осытерминді ойлап тауып, қазақтардың келуіне шектеу қоймақшы болды. Оны ғылыминегіздеп мақала жазған «ғалымдары» да болды. Әрине, бұл біздің намысымызғатиетін сөз еді. Олардың еркіне салсақ, біз тәуелсіздік алмауымыз керек, алсақта, өз жолымызбен жүрмеуіміз керек болатын. Олар бірден Қазақстанды АҚШ-тыңықпалына түсіп кетеді, онда Орталық Азиядан Қытайға қарсы үлкен дәліз ашыладыдеп қорықты. Сондықтан ендігі жерде Қазақстанның экономикалық қиыншылығынпайдаланып, оны өз ықпалына алуға әрекеттенді. Сол үшін тарихи-идеологиялықнегіз дайындауға кірісті. Сөйтіп, Дэн Сяопин кезінде басылып қалған нендей бір«қолдан кеткен жерлер» туралы концепция қайта жарыққа шықты. Қазақстанныңтарихын бұрмалау, мемлекеттілігі мен территориялық тұтастығына күмән келтіру,сол арқылы халқының санасында біздің еліміз туралы белгілі бір түсінік қалыптастыруүдерісі жүріп жатты. Басында ит үрер, керуен көшер, әлде бір жат ниеттілердіңпікірі шығар дедік. Бірақ  мұныңтоқтайтын түрі болмады. Ақыры еріксіз назарымызды аударды.

 Соның бір мысалы –кешегі мақала. Мақала тақырыбы «Қазақстан Қытайдың құзырына қайта оралуды негеаңсап отыр?» деп қойылған. Осы арада «қайта оралу», «аңсап отыру» деген сөзтіркестері бірден көзге түседі. Жүрекке түрпідей тиеді. Мақала идеясы бойыншаҚазақстан бұрын Қытайдың жері екен де, енді оның халқы Қытайдың құзырына қайтакіруді зарығып «аңсап отыр» екен-мыс. Өз ойын жеткізу үшін автор алдыменҚазақстанның «Қытайдың құзырында болған» тарихын өзінше тереңнен толғап ақтарыпшығыпты.

    Бірақ авторбірді айтып бірге кетіп, ойын жинай алмай қалыпты. Бұл жердің біртіндеп Қытайқол астына кіргенін, одан кейін біртіндеп Қытайдың қол астынан шығып кеткенінайтпақ болыпты. Алайда «өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен» дегендей, мұныңсөзінде жүйе, хронологиялық тәртіп, географиялық түсінік,  тарихи-теориялық пайым деген атымен жоқ.Фактілерінің өзі бір-бірімен қиыспайды. Еш дәлелсіз. Дегенмен «сен тұр, менатайын» деген сотқар, сотанақтарға жарап жатыр. Бұл құдды сондай топтарға арнапжазылған мақала секілді. Оларға көп түсіндірудің, тым ғылыми сипаттап жатудың,дәлел-дәйектің керегі жоқ. Басын айтсаң болды. Құдды шикілі-пісілі бере салғантамаққа ұқсайды. Соған қарағанда бұл Қазақстан туралы тарихи білімін жеделжетілдіруді талап етіп жатқандар үшін атүсті дайындалған материал болса керек.Мейлі, қалай болғанда да әсері жаман. Себебі ол бүкіл бір мемлекеттің өткенін,келешегін жоққа шығарады. Оның тарихы мен тағдырын тек Қытаймен ғанабайланыстырады. Осы идеяны Wechat желісімен бүкіл елге таратады. Ендеше, біздіңелге келген және келешекте келетін қытайлардың көпшілігі осындай түсінікпенкелгендер немесе келетіндер деуге болады. Ол сенімен достық жайлы сөйлесіпотырып, ар жағынан Wechat-тан алған «білімдерін» сарапқа салып отырады.

    Ендеше, ағайындар,елдікті зор қылатын да, қор қылатын да сол елдің тарихи санасы. Тәуелсіздікжылдарында біз тек батырларымызға ғана маңыз беріп, тарихымыздың ащышындықтарын айтпадық. Батырлардың жекпе-жегін дәріптей отырып, тарихи санамыздыалдағы жекпе-жектерге дайындамадық. Қазақтың тарихын тек қазақ үшін жаздық.Елдің біз туралы және біздің тарихымыз туралы не айтып жүргеніне маңызбермедік. Екі мың жылдан астам уақыттан бергі қазақ даласы мен Қытайдың  орта жазық патшалықтарының қарым-қатынасынарнайы зерттемедік. Оны дәуірлерге, кезеңдерге бөліп қарастырып,тарихи-деректанулық тұрғыдан негіздеп, дұрыс қорытынды шығармадық. Қытайменотыз жылға таяу дипломатиялық қатынас жасаған кезімізде өз тарихымыз туралыолардың қолына пышақтың қырындай болса да, бір кітапты ұстата алмадық.Керісінше,  екі арада болса да, болмасада болатын шараларды көп өткіздік. Ал еліміздегі жоғары оқу орындарында тарих,шығыстану, халықаралық қатынас және аймақтану мамандықтарының білім алушыларынаөз жеріміздің, өз аймағымыздың халықаралық қатынас тарихын оқытпадық. Саясимәселе шығып кете ме деп, болмаса Қытайдың шамына тиіп аламыз ба деп,магистранттар мен докторанттарды ерте, орта ғасыр және таяу заманғы тарихтызерттеуге тәрбиелемедік. ХХ ғасырдан арғы тарих қажетсіз болып қалды. «Мәденимұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қытайдан әкелген қаншама деректердіғылыми айналымға қоспай жинап қойдық. Нәтижесінде біздің тарихымыз туралыбасқалар аузына келгенін айта бастады.

  Біз Қытай тарапынан екі елдің тату көршілікқатынасына кері әсерін тигізетін мұндай сандырақтарға жол бермеуін талапетеміз. «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар» деген, тарихты айтсақ,өңменінен өткізіп, жеріне жеткізіп айтуға біздің де тіл мен жағымыз, біліміміз жетеді. Өйткені тарихқатөрелік айтатын тек Қытай ғана емес.

   Бүгіндедүниежүзінің көптеген елдеріндегі ғылыми-зерттеу мекемелері менуниверситеттеріндегі тарихшы мамандар, олар жетістірген мыңдағанғылыми-педагогикалық кадрлар Қытай тарихын Қытайдың өзінен жақсы біледі.Сондықтан  Қытай ойламасын, елдің бәрінадан, тарих оқулығын тек біз ғана жазамыз, біз ғана оқытамыз деп. Тұтас дүниежүзі тарих ғылымының  сан ғасыр бойы қалыптасқан теориялық,методологиялық аспектілеріне, принциптеріне жүгінеді. Мұндайда кейбір жатниетті ғалымсымақтардың алып шыққан дәйектері мен тұжырымдары, зерттеу әдістерітүкке тұрмайды. Олар тіпті өздеріндегі мыңдаған жылғы дереккөздерін де бұрмалаппайдаланады. Елдің бәрі тарихқа қытайлық-коммунистік принциппен қарамайды.Бүгінге дейін көзіміз жеткендей, елдікі ғылыми принцип, ал Қытайдыкішовинистік, қытайцентристік принцип, қып-қызыл саясат. Мұндай принциптіңкүндердің күнінде өзгеге емес, Қытайдың өзіне тигізер зардабы ауыр болмақ. ОлҚытайды халықаралық қауымдастықпен жақындатпайды, керісінше, жырақтатады.Қытайдың Қазақстанға деген осындай тарихи талабын көре отырып, оның «Бір белдеу– бір жол» стратегиясымен қалай келісуге болады? Әлемдегі екінші экономика,қару-жарағы заманауи Қытайдың біздің тарихымыз бен мемлекеттілігімізді жоққашығарып, жерімізге көз тігіп отырған түпкі ниетін, пейілін көріп-біле отырып  кеңірдегімізден қалай ас өтеді?!

  СондықтанҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Қытайға ол елдің жетекші сайтындажарық көрген, еліміздің ар-намысына тиетін мақала бойынша наразылық нота жолдағанынқолдаймын. Сонымен бірге Қазақстан тарихшылары, жазушылары,  ғылыми-зерттеу ұйымдары дәл осы мәселедесергектік танытып, өз ойларын ортаға салады, тасада үнсіз қалып қоймайды депүміт етемін.

 Тұрсынхан ЗӘКЕН,

тарихғылымының докторы,

жазушы,«Күлтегін» сыйлығының иегері


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16