16.01.2021, 16:10
1077
Қарағанды облысындағы мектеп асханалары жақында өз жұмысын бастайды.
Уәкілетті органдар короновирус күшейген былтырғы жылдан бері жабық тұрған асхананы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып ашуға рұқсат берді.
Басты талап асханада отырып тамақтанатындар саны отыз пайыздан аспауы тиіс. Сонымен қатар сырқат белгілері бар асхана мамандарын жұмысқа өткізбеу тапсырылды.
«Ең бастысы ауруды жұқтырмау, одан сақтанып жүру шараларын ұмытпауымыз керек. Сол себепті ата — аналарға өтініш балаларға санитарлық талапты қатаң сақтауды, масканы жиі ауыстырып қолды жуып жүруді үнемі айтып отырсаңыздар деп өтініш білдіреміз »,- деп мәлімдеді брифинг барысында облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин.
Облыс мектептерінде келесі аптадан бастап асханалар ашылады. Алайда денсаулық сақтау саласының мамандары облыста короновирус деңгейінің орын алу көрсеткіші көбейіп келе жатқанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырады. Қаңтар айының алғашқы он күндігінде Теміртау қаласында короновирус жұқтырғандар қатары артып, 29 пайызға жеткен. Сондай — ақ Абай, Осакаров аудандарында сырқат деңгейі біршама арта түскен.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР