Көз жұмған өрт сөндірушіге Астанадағы бір көшенің есімі беріледі – Тоқаев

Сайт әкімшілігі

21.11.2022, 07:04

256

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлы Забикулиннің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Асқар Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Тегтер: төтенше жағдай жоспар шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 09:00
Бүгін Екібастұз. Ертең қай қала?
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 17:36
Жығылғанға жұдырық: Екібастұздықтардың үйлері тоналып жатыр
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 16:20
Соңғы үш жылда 50 әскери қызметші суицид жасаған – Дана Нұржігіт
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 01.12.2022, 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды

Аңдатпа


  • Бүгін Екібастұз. Ертең қай қала?
    09:00
  • Хрущев салған үйлерді Досаев жаңғырта ала ма?!
    08:57
  • Қазақтың құны: тазыдан төмен, төбеттен сорлы
    08:52
  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    01.12.2022, 09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    01.12.2022, 08:59