26.09.2019, 08:04
187
Алматыда Нұрсұлтан КҮДЕБАЕВТЫҢ ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог АсқарТҰҢҒЫШБАЕВ та қолхатпен түрмеден шықты.
Екінші қыркүйектен бері дәрігер Тұңғышбаев уақытша тергеу абақтысындаболған. Оның босап шыққаны туралы Ұлттық медицина қауымдастығының президентіАйжан САДЫКОВА хабарлады.
Кеше Алматы қалалық полиция департаменті басшысы Серік КҮДЕБАЕВТЫҢ ұлыныңөліміне байланысты тұтқындалған № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері ҚанатТЕЗЕКБАЕВТЫҢ босап шыққанын хабарлағанбыз. Қос дәрігерге кәсіби міндетін дұрысатқармаған деген айып тағылған.
2019 жылдың шілде айында 29 жастағы Нұрсұлтан КҮДЕБАЕВ жол апатына ұшырап,оған №7 ауруханада ота жасалған. Кейін жақындары Германияның ауруханасынажеткізеді. Алайда, шетелдік дәрігерлер де оның өміріне араша түсе алмайды.
Фото: laurelroad.com
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР