25.07.2019, 03:19
37
Олимпиада чемпионы Дмитрий БАЛАНДИННІҢ автокөлігінің айнасынұралды деген күдікті өз қылмысын мойындады. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Алматытелеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, күдікті дәл сол жерде (Құрманғазы менБайсейітова көшелерінің қиылысы) басқа автокөліктің айнасын ұрлағанын да айтты.
Бүгін Алмалы аудандық сотында осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Сотта сөз алған күдіктібұндай қадамға ақша қажет болғандықтан барғанын мәлімдеді.
«Ұрлық жасағым келмеді. Жағдай солай болды. Аяғы ауырәпкеме жәрдемдескім келді. Ол көмекке мұқтаж еді. Күйеуі жоқ», — деді күдікті.
Күдіктібұған дейін ұрлық үшін сотталған. Олимпиада чемпионы полицияға осы жылдыңнаурыз айында шағымданған еді. Бір айдан кейін Алматы полицейлері күдіктініұстаған. Олимпиада чемпионының Toyota Land Cruiser автокөлігінің айнасын жымқырдыдеген күдікпен Алматы облысының тумасы Уәлиев Айдос Болатұлы есімді азамат ұсталған-ды.
Дәл солжерде қысқы олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері Денис ТЕНавтоұрылардың қолынан қаза тапқан еді.
Фото: tengrinews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР