«Күліп тұр!»: Жетісайлық өгей ананың қатыгездігі

18.04.2019, 03:43

7

Жетісай қаласында 28 жастағы ананың асырауындағы үш өгей қызын адам айтқысыз әдіс-тәсілдермен азаптап келгені әлеуметтік желіге жарияланып, ел арасында дүрбелең туғызып жатыр.

Өгей шешелерінің қолынан ұзақ уақыт бойы зардап шеккен қыздардың үлкені  2003 жылы, одан кейінгілері 2005 және 2007 жылыдүниеге келген. Өгей ана — Жұлдыз есімді әйел 2016 жылы жергілікті азаматқатұрмысқа шыққан. Әлгі азаматтың алғашқы әйелінен үш қыз болған.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтерге қарағанда, өгей ана кәмелетжасына толмаған қыздардың «тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайындесе, ұрып-соғып «күліп тұр» деп, жандарына батып тұрса да, езулерінтартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелерінежарақат салып, шайларына гель қосып ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерінкемпірауызбен қысып, жарақат салған» көрінеді. Әрине, аталған сұмдықфактілердің қаншалықты рас-өтірігін анықтаумен қазір тергеушілер айналысыпжатыр. 

Осы жайт бойынша бүгін Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөзқызметінің жетекшісі Салтанат ҚАРАКӨЗОВА баспасөз мәслихатын өткізді. Оныңайтуынша, өгей ананың қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарынсалу арқылы зорлық көрсеткені анықталған. Бұл жайт Жетісай аудандық полициябөлімінде тіркелген. Қылмыстық кодекстің 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуамалдары жүргізілуде. Күдіктіге шектеу шарасы қолданылған. Комиссия шешіміменбалалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт Ішкі істер министрінің және облыспрокурорының бақылауына алынған.

Айта кетері, анықтау жұмыстарын жергілікті әкімдік те жүргізіп жатыр. Ауданәкімінің кеңесшісі Айдар СЕЙДӘЗІМНІҢ айтуынша, отбасының әлеуметтік жағдайыжаман емес. Отағасы көлік жөндеумен айналысады. Өгей ананың балалардыұрып-соғуы әкелері үйде жоқ кезде болған көрінеді. 2017 жылы олардың арасындабір ұл дүниеге келген. Туыстарының айтуынша, осы кезден бастап келінніңмінез-құлқында өзгерістер байқалған. Ол қыздарды ұрып-соғып және оны ешкімгеайтпауды ескертіп отырған. Қыздар бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Алайдазардап шегушілердің денелерінде жарақат іздерін көрген мұғалімдер балалардыңтағдырына алаңдаушылық білдіріп, тиісті орындарға хабар бергенге ұқсайды. Алқыздардың әкесі мұны қалайша осы уақытқа дейін білмей келгені таңқаларлық.

Қазіргі уақытта үш қыз ауруханада ем қабылдап жатыр.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27