Күлшелі монополистер қандай жазаға тартылып жүр?

29.09.2018, 18:00

59

Қазақстан Республикасында монополис дегеніміз кім, оның өзгелерге бәсеке қалдырмай, өз саласында «айдаһар» атанып отыруына кім жол бергенін және ортаға келтірген залалының мөлшерін қалай анықтауға болады деген сұрақтарға Кәсіпкерлік туралы кодекстен жауап табасыз. Мейлі, қарапайым тұтынушы, мейлі ісін жаңа бастаған шағын кәсіп иесі болсаңыз, қызмет көрсетушінің не бәсекелесіңіздің жұмысынан монополистің белгісін байқасаңыз, осы құжатты мұқият оқып шығу керек.Монополистер кімнің өтінішен кейін тексеріледе? Жалпы, қандай да бір субъектіні тергеп, тексеруге негіз бола алатын тармақтар Кодекстің 216-бабында жазылған. Сол негіздердің бірнешеуін, яғни, қандай өтініштерден кейін құзырлы орган тергеуді бастай алады деген себептердің бірқатарын атап өтсек.Біріншіден, Табиғи монополияларды реттеу, бәселестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі  мемлекеттік органдардан келген өтініштерді тексеруге құқылы. Бұл жағдайда арыз түсіріп отырған мемлекеттік орган ол монополис бәсекелестікті қорғау заңының қай жерін бұзып отырғандығы туралы ақпарат көрсетуі керек.Екіншіден, Агенттік бәсекелекстікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылғанын байқаған жеке не заңды тұлғаның өтінішін қабылдай алады.Үшіншіден, егер нарықтағы субъектінің бірінен немесе мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органның жұмысынан монополияға қарсы заңнаманың талаптары орындалмағанын байқаса, Агенттік өз еркімен тексеру бастай алады.Төртіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары өз материалдарында монополияға қарсы заңнаманың бұзылғандығын көрсетіп, ол материалды Агенттікке жіберсе, құзырлы орган тергеу бастауға міндетті.Егер кәсіпкер тергеу басталғанға дейін өзі бағаны дұрыстап, өзі бұзған тәртіптің салдарларын өз еркімен жойса, тергеу ары қарай жалғаспайды. Егер де нарық субъектісі тексеру туралы хабарламада көрсетілген мәселелерге он күн бойы әрекетсіздік танытса,  агенттік тергеуді бастайды.8 айда 700 млн теңге айыппұл салынды Табиғи монополияларды реттеу, бәселестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі «Жас Алаш»-тың ресми сауалына жауап бере отырып, 2017 жыл мен осы жылдың 8 айын қосқанда, еліміз бойынша екі жүз жиырма жеті тексеру жүргізілгенін хабарлады.«Қазіргі статистика бойынша 190 тексеру аяқталды, оның ішінде 148 тексеруде заң бұзылғанын анықтадық. Қалған 37 тексеру әлі аяқталған жоқ» — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.Монополияға қарсы органның тексеруінен соң монополиядан түскен кіріс тәркілене отырып, монополистерге 702 млн теңге айыппұл салынған. Мемлекет есебіне тәркіленген сома – 48  млн теңге. Қорытындысы шықпаған қалған тексерулер қазір әкімшілік соттарда қаралап жатыр.Топырақ пен суға, жарық пен жылуға «таласқандар» Қазақстан экономикасындағы монополистер көп бағыттардың бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Моноқалаларды қоспағанда, миллиондаған тұрғыны бар мегополистердің өзін бір субьект қана сумен қамтып, бір желі ғана жарық таратып отырғандығы белгілі.Агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, табиғи монополистер Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес сипатталып, олардың қызметі де осы құжатпен реттеледі.Яғни, табиғи монолист деген тағы бар болып отыр. Бұндайлар көбіне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын «батпан құйрыққа» айналдырғандар.Агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, табиғи монополистердің теңгерімі Заңның 4-бабындағы мына бағыттар бойынша реттелуі керек.Бірінші, су тарту және сумен қамту бағытындағы теңгерім құзырлы органмен реттеледі. Екінші, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станциялары топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарының, кәріздерді тазартудан қалған сарқын суларды пайдалана отырып, өндіріп алған жылуды қоспағанда, өзге көздерден өндіретін жылуының тарифі монополияға қарсы органмен реттелуі керек.Үшіншіден, Қазақстан Республикасы арқылы транзиттелетін және Қазақстан аумағынан тыс жерге экспортталатын тауарлық газды сақтап, тасымалдау қызметін қоспағанда, осы тауар ретіндегі газды сақтап, оны магистральдік газ құбыры, шикі гады тарту құбыры арқылы тасымалдайтын нысандардың тарифін осы заң реттейді.Заңмен реттелетін табиғи монолиялардың төртінші бағыты – ол әрине, электр қуаты.Табиғи монолполияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі осы және өзге де табиғи монополия нысандарын тексере отырып, 2018 жылдың алты айында ғана заң бұзған монополистерге 10 млрд теңгенің үстіне өтемтік тариф енгізген.«Заң бұзған субьектілердің арасында «Астана-аймақтық электр желілерінің компаниясы» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Шығыс Қазақстан аймақтық электр желілер компаниясы» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ нысандары бар» — деп хабарланған баспасөз қызметінің «Жас Алаш»-тың ресми сауалына жіберген жауабында. Бұдан басқа, табиғи монополиялар туралы заңнамамен реттелетін инвестициялық бағдарламаларды, тарифтік сметалар мен басқа да міндеттерді орындамағаны үшін 2018 жылдың бірінші жартысында 325 табиғи монолполия субьектісі 628 млн теңгеге тең әкімшілік жазаға тартылған.ТКШ тарифі қалай бекітілуі керек?Жалпы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы болсын, басқа сала болсын, табиғи монополиялардың тарифі экономикалық және әлеуметтік тепе-теңдікті сақтай отырып, белгіленуі керек.Ал, табиғи монополия субъектісі өзі ұсынатын қызметтердің тарифін заңмен бекіту үшін уәкілетті органға өтініш түсіруі керек.«Өтінімді қарау кезінде тариф белгілеудің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету үшін Парламент және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін өзі басқару органдарының  өкілдерін, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырып, тұтынушылардың алдында жария тыңдаулар өткізілуі керек», — делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. Ал, табиғи монополия субъектілері болса, тариф белгіленгеннен кейін өз жұмысы туралы тұтынушының алдында жыл сайын есеп беруге міндетті. Яғни, табиғи монополия субьектісі инвестициялық бағдарламасының нәтижесі туралы, тарифтік сметалардың қалай орындалып жатқандығы туралы есебін жарты жылда бір рет өзінің ресми сайтында немесе құзырлы органның ресми сайтында жариялауға міндеттеледі.Бұдан өзге, табиғи монополия субьектісі уәкілетті органға алдыңғы күнтізбелік жылдағы есебін жыл сайын 1-інші мамырдан қалдырмай, ұсынып отыруы тиіс.Фото: dv.ee  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52