Күмәнді сот шешімі: "Судья істі бір жақты қараған"

13.01.2020, 19:15

7

Алты жылдық істен кейін сегіз жылға сотталған Салтанат Құсманқызының туыстары мен адвокаты әділдік іздейді.

Бүгін Алматы қаласындағы «Атажұрт еріктілері» ұйымының офисінде адвокатАйман ОМАРОВА, азаматтық белсенділер Қайрат БАЙТОЛЛА мен Ербол ДӘУЛЕТБЕК және СалтанатҚҰСМАНҚЫЗЫНЫҢ апайы Бағдат ҚҰСМАНҚЫЗЫНЫҢ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.Онда қатысушылар 8 жылға сотталған Салтанат Құсманқызының ісі әділетсізқаралғандығын айтты.

Айман Омарованың сөзінше, істі қараған Бостандық аудандық соты істі біржақты қараған. Себебі Құсманқызының қылмысы дәлелденбеген. Судья Құдабаевадвокаттардың уәжі мен дәлелдерін қарамаған да.

«Құсманқызы Салтанат ҚРҚылмыстық Кодексінің 189 бабының 4 тармағы және 419 баптың 2 тармақтары бойынша8 жылға сотталған. Оған кілт жасау арқылы үйден қаржы ұрлады деген айыптағылған. Ол қаржы Қытай компаниясына ма, жоқ әлде Қытай азаматы Чан ВЕЙГЕ тиесілі ме, ол жағы безге белгісіз. Біз бұл істе мына дүниелермен келіспейміз,Біріншіден: Бұл қаржы бюджеттің емес, қайдағы бір жеке компаниянікі. Оныңүстіне Салтанат Құсманқызы қант диабетімен ауырады. Сот бұның ешқайссына қарамаған.Ешқандай дәлел жоқ. Куәгерлердің барлығы әртүрлі түсініктеме берген. Қылмыстықіс барысында екі адвокат жұмыс істеген. Бірақ сот олардың талап, тілектерінмүлде қарамаған. Бостандық аудандық сотының судьясы Құдабаев істі бір жақтықараған», — дейді адвокат.

Бұдан бөлек Айман Омарованың айтуынша, сотта Құсманқызы істеген компанияда (Асай компаниясында – ред) қара бухгалтерияжұмыс істегендігі дәлелденген. Қылмыстық іс қозғалған уақытта компания иесіАсқар ЖАКУЛИН ауырып жатқан. Ал әйелі Чан Вей оның атынан құжаттар дайындап,жұмыс істеген. Кейбір құжаттарға жалған қол қойған.

Бағдат Құсманқызының сөзінше, сот олар ұсынған құжаттардың барлығынқараусыз қалдырған. Оның үстіне Чан Вей күйеуі Асқар Жакулин қайтыс болғананкейін алты ай өтпай жатып Салтанат Құсманқызының үстінен арыз жазған. Заңбойынша оның бұлай істеуге құқығы жоқ.

«Заң бойынша компания директорықайтыс болғанан кейін алты айға дейін Чан Вей директор бола алмайды. Жакулинақпан айының 2-і күні қайтыс болды. Бұл (ЧанВей – ред)барып, наурыздың 16-ы күні мен директормын деп, Салтанаттыңүстінен арыз жазды. Оның ондай құқы жоқ. Ол кезде ол директор емес. Чан Вейалты айдан кейін екінші бұйырық шығарған.Ол не үшін екі бұйырық шығарды? Себебіалдынғы бұйырық өтірік. Осының барлығын біздің тергеушілер қабылдап отыр. Сондатергеушілер заң білмейтін болып тұр ғой», — деді Бағдат Құсманқызы.

Салтанат Құсманқызының үстінен қылмыстық іс 6 жыл бұрын басталған. Оған2014 жылы «Асай» компаниясына тиесілі 430 мың доллар қаржыны ұрлады» деген айыптағылған. Ол 2019 жылдың шілде айында кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталған.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04