Күнде бір отбасыға үй әперейік!

Сайт әкімшілігі

26.01.2022, 15:50

2367

Бауыржан Байбек әлі де бар екенін білдірді. Қаңтардың 28-і күні Нұр Отан партиясының съезі өтеді деп күтілуде. Ол жерде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа төраға болып сайланады, деп отыр сарапшылар. «Менің ойымша, Тоқаевтың ол партияға төраға болмағаны жөн», дейді сыншыл саясаттанушы Санжар Боқаев.

– Бұл партияның сүйкімі қашқаны сонша, ол Тоқаевтың имиджіне кір келтіреді. АҚШ-тың президенттеріне қарасақ, Барак Обама да, Джо Байден де өз партияларының көшбасшысы болған емес. Олар демократиялық партияның атынан сайлауға түсті, бірақ партияға төраға болмаған. Путин де «Единая Россия» партиясының төрағасы болудан бас тартты. Еске салсақ, бізде тек биылғы жылға партиялар бюджеттен 10 миллиард теңге алды. Бір күнде саяси партияларға ел қазынасынан 27 млн 400 мың теңге бөлінеді екен. Егер біз партиялар туралы заңдағы осы түзетулерді алып тастап, оның орнына мұқтаж азаматтарға жәрдем берсек, онда біз күн сайын 27 миллион теңгеге бір мұқтаж отбасыға баспана әпере алады екенбіз. Төрт жылда 1,5 мыңдай отбасыға үй алып береміз! Қазақстанда қаншама адам баспанаға қатты зәру? Ендеше партияларға бюджеттен ақша берудің еш керегі емес, – дейді ол.

Рас, Назарбаевтан Тоқаевқа мұра болып қалатын саяси активтердің ішіндегі ең зәрлісі осы — партия. Тіпті, «Нұр Отан» деген партия логотипінің Н әріпі Назарбаевтың жеке қолынан алынған. Партияның халық алдында еш абыройы жоқ еді. Назарбаев жоқта сынның бәрі оның мұрасы боп қалған Нұр Отанға келіп тиетіні айдан анық. Ендеше, Тоқаев партиядағы лауазымнан жұрт көзінше бас тартса. Оған өзінің бір сенімді адамын қойып, кейін сол адамы партияны ақырындап тарқатып тынса, ә?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56