Курсант “Суға батқан адамды құтқарғаны үшін” медалімен марапатталды

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 06:09

374

Талғар ауданында орналасқан “Арыстан” мамандандырылған лицейінде ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес курсант Бейсен Мирасты ағыны қатты өзенге батып бара жатқан адамды аман алып қалғаны үшін “Суға батқан адамды құтқарғаны үшін” медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды «Жас Алаш» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Марапатты Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ораз Жолдасов табыс етті. – Естеріңізге сала кетейін, биылғы жылдың бірінші маусымында Мирас пен оның достары Талғар қаласының орталығындағы көпірден ағысы қатты өзенге секіріп кеткен ер адамды байқап қалған. 15 жастағы жасөспірім жағдайды дұрыс пайымдап, өзеннің ағысымен төмен жаққа жүгіріп, қатты ағыстан қорықпастан, суға батқан адамды құтқарып қалды, – деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ораз Жолдасов.

Жәбірленуші оң аяғының сынған, бас миының шайқалуы және басқа да зақымдар алған, бірақ Мирастың ерлікке парапар әрекетінің арқасында тірі қалды.

– Қарапайым ғана, адамгершілігі жоғары жасөспірім өз қылығын азаматтық борышым деп санайды. Ол өз өміріне қауіп төніп тұрса да, тәуекелген барып, өзгенің өмірін құтқарып алды. Халықтың мұндай ұлдарын тек мақтан тұтуы тиіс. Мирастың ата-анасы мен оқытушылар құрамына жақсы әрі патриоттық тәрбие бергені және қажет жағдайда бағамды шешім қабылдауға үйреткендері алғыс айтамыз, – деп атап өтті Ораз Жолдасов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20