Ластанған аймақ, парақор эколог...

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.09.2021, 09:00

1074

      «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, бұл жолы Қарағанды облысының аспанында көбейіп кеткен көк түтінге қатысты дау-дамай шықты. Қоршаған ортаны, экологияны қорғауға қызмет ететін эколог маман қомақты қаржыны көргенде осалдық танытты.

        Қарағанды облыстық экология департаментінің бас маманы ЖШС аумағына тексеріс жасап, ол жерде экологиялық заңнаманың бұзылғанын анықтайды. Ауаны ластаған кәсіпорын бастығына эколог 10 млн теңге сыйақы берсе, қоршаған ортаға келген шығынды азайтып көрсетуге дайын екенін айтып бопсалаған. Экологқа сыйақыны алуға сол кәсіпорынның техникалық директоры көмектесіпті. Екеуі өзара келісіп, ЖШС бастығынан ақша алған соң, оны бөліп алмақ болған. Алайда кәсіпорын жетекшісі ірі көлемдегі қаражатты маманның қолына ұстата салудан бас тартып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарласып, көмек сұрапты. Эколог пен  ЖШС-нің техникалық директоры пара алып жатқан қылмысы кезінде қолға түскен. Тергеу барысында ЖШС техникалық директоры қайтыс болғандықтан, сот үкімі экологқа қатысты ғана шыққан. Олардың кінәсі толық дәлелденді, эколог қылмысты толық мойындады. Оған қатысты қылмыстық іс пара алу бабымен емес, алаяқтық бабы бойынша қозғалды. Сот барысында прокурор экологқа бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

        «Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Жазаны тағайындау барысында сот күдікті әйелдің өз ісіне өкінетінін және кәмелет жасына толмаған баланы жалғыз өзі асырап отырғанын есепке алды. Сот шешімімен айыпталушы К. үш жылға бас бостандығынан айырылды, сот үкімін орындау уақыты бес жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылды. Алайда бұл мерзім баласы 14 жасқа толғаннан кейін әрі қарай ұзартылмайды», – деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.

      Осылайша экология департаментінің бас маманы «алтын көрсе періште де жолдан таяды» дегеннің кебін келтіріп, пара алғаны үшін жазасын алды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Қарағанды облысында алпауыт кәсіпорындар саны көбейді деп, бөркімізді аспанға атып қуанғанымызбен,  қоршаған ортаның ластанып, экологиялық жағдайдың күрт төмендеп бара жатқанын қараша халық сезініп отыр. Дегенмен оны өзгертетін  дәрмен халық түгіл, биліктің өзінде  жоқ тәрізді.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АРЫҚБАЙ 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31