Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?

Әділ КЕМЕҢГЕР

26.10.2021, 15:09

3167

Қазақстанның Тәуелсіздігі 30-32 жылмен тәмам болса не дейсіз? Соңғы жаңалықтар өзі соны меңзейтіндей көрінеді.

      Ресейдің АЭС-і бар, электрондық үкіметімізді жасап беретін «Сбері» бар, «қазақ жастары орыс тілін білуі керек» дейтін еліміздің басшылығы бар.  Ресеймен бірге біз де озық батыстан, дамыған Еуропадан алыстап барамыз. Іргемізді олардан аулақ сала бастадық. Басшыларымыздың баратын жері Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан болды.

       Айтпақшы, латын әліпбиі деп ұрандатып, «латынға көшеміз бе, көшпейміз бе» деп бір қырқысып, «анау әріптен мынау дұрыс» деп қызылкеңірдек боп айтысып едік қой. Бәрі бекер болған екен. Құшағына қысып, Қазақстанды өз уысына қарай суырып жатқан Ресей батыстың әріптерінен тұратын қазақтың жаңа әліпбиіне жол бере қоймас. Содан болар, латын әліпбиі деген баяғы бөскен әңгімелеріміз сап тыйылып қалыпты. Босқа бақырдық. Латын әліпбиін талқылайтын отырыстар мен сансыз кеңестерге кеткен қайран ақша-ай...

       Біз деген бекершілікпен тым көп айналысамыз. Ақыры – мынау. Тіл мен әліпбиің түгіл, еліңнің еркіндігі қыл үстіне келді...

       Қазақстанды енді не құтқарады? Ресейдегі төңкеріс, Путиннің кенеттен дүние салуы ғана құтқаратын шығар...

Тегтер: әліпби латын графикасы жоба бастама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әсет МАТАЕВ 14:15
Біздің ұрпақ мәселелерді шеше алады!
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 07:20
Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 14:24
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 01.02.2023, 11:26
«Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер!»
Несіпхан ҚОҢЫРБАЕВ 01.02.2023, 04:13
Сұмдық демеске лаж жоқ...
С. БӨКЕНОВ 31.01.2023, 16:35
Неге жерлеу рәсіміне арнайы қаражат бөлінбейді?

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28