Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет

Сайт әкімшілігі

02.12.2020, 22:30

602

Ғалымдардың жалақысын заң жүзінде қарастыру қажет. Мұндай ұсынысты ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова  ADAL BILIM платформасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Қазақстандық ғылымды дамытуға және ғылыми жобаларға гранттық қаржыландыруды бөлуге қатысты мәселелер ғалымдар арасында талқыланды. Эфир барысында Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша ғалымдардың жалақысы мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілетінін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бар. Онда ғалымдар  тәрбиешілермен, медицина қызметкерлерімен, мұғалімдермен қатар қарастырылған. Аталған қаулыда көрсетілген жалақы жүйесі бойынша ғалымдар ең төменгі жалақыны алады, сондықтан олар мемлекеттік қызметкерлермен теңестіріледі», — деп атап өтті Ләззат Құсайынова.

Ләззат Абайқызының айтуынша, соңғы екі жыл ішінде депутаттардың назарын ғалымдарды қазіргі жалақы жүйесінен бөліп шығару немесе осы шешім шеңберінде жеке төлем жүйесін құру қажеттілігіне бірнеше рет аударған. Яғни жеке қосымшалар дайындап, жалақысын дұрыс есептеу керектігін алға тартады. Талқылау барысында ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеуді заңдастыруды ұсынды, өйткені ол салық салуға жататын  зейнетақы төлеу мүмкіндігін қарастыратынын айтады. 

Тегтер: ғалым ғылыми қызметкер ғылыми жоба жалақы заңдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08