Ленин көшесінің аты өзгереді

31.05.2018, 17:55

236

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Семейге келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем НҮСІПОВА баяндамасын қағазға қарап, Ресей Федерациясының мемлекеттік тілінде жасады.Совет үкіметінің құрбандарын еске алу шарасы  Әлихан БӨКЕЙХАН ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюдан басталды. ШҚО-ның білдей идеология саласына жауапты Әсем Бекқызынан  бір ғана жағымды жаңалық естілді. Ескерткіш тұрған Ленин көшесі бұдан кейін «Мәңгілік ел көшесі» болып аталатыны Үкіметтік деңгейде оң шешімін тауыпты.Бұдан кейін жоспар бойынша өлкетану мұражайында өтетін шараға қатысуға тиіс болған орынбасар ол жерге де аяқ басқан жоқ. Күте-күте көз майы таусылған музей басшылығы маңызды жиында Нүсіповасыз өздері-ақ бастап кетті. Алаштың қадір-қасиетін ұғынудан мақұрым ұлықтың бұл қылығы әрине, көпшілік көңілінде дық болып қалып қойды.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39