Ленинград блокадасына 75 жыл: Қан-қасапқа Сталин кінәлі

28.01.2019, 19:34

61

Кеше, 27-қаңтар күні Ленинград блокадасының аяқталғанына 75 жыл толды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында Ресей Федерациясы елшілігінің қатысуымен шара өтті.Екінші дүниежүзілік соғыс ардерлері, ресейлік қонақтар мен қала белсенділері 314-атқыштар дивизиясының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. СҚО-да жасақталған бұл дивизия Ленинградтты қорғаған әскери құрылымдардың бірі.872 күнге созылған бұл блокада екінші дүниежүзілік соғыстағы аса ауыр трагедиялардың бірі. Қалада кісілер адам етін жеп, 630 мың адам аштықтан өлген. Бұл ақпарат Нюрнберг процессінде айтылды. Алайда, қаза болғандардың саны 1,5 млн деген де мәліметтер бар. Көз жұмғандардың 3 пайызы немістердің бомбасынан көз жұмса, қалған 97 пайызы аштықтан мерт болыпты. Америкалық журналист Гаррисон СОЛСБЕРИДІҢ жазуынша, бұл қаладағы трагедияға Иосиф СТАЛИН кінәлі.«Ленинград халқының азаптануына сәтсіз әскери стратегиялар мен партия басшылығындағы шененуніктер арасындағы күрестер ғана себеп емес. Сталиннің қала халқының алдында қорқынышы болды. Көсем қаланың оған қарсы шыға алатынын сезді», — деп жазды Гаррисон Солсбери «Ленинград Блокадасы. 900 күн» атты еңбегінде.  Америкалық зерттеуші бұл еңбегін аттай 25 жыл жазған. Мұрағаттағы құжаттар негізінде жазылған кітап 1969 ағылшын тілінде жарық көрген. Соғысты еш бүкпесіз жазған орыс жазушысы, майдангер Виктор АСТАФЬЕВ 1989 жылы Ленинградты немістерге беру керек еді деп ашық мәлімдеген.«Бір қала үшін – миллион өмір үзілді. Шаһардың шегесіне дейін қалпына келтіруге болар еді. Ал, өлген жандарды тірілте алмайсың. Адамдар бір түйір тас үшін бірін-бірі өлтіруге бел байлады. Және қандай ауыр өлім! Балалар, қарттар...» — дейді ол.Фото: agonia-ru 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді
Бифат ЕЛТАЕВА 01.12.2020, 18:18
"Қара жұма" атауы: бұл кімдердің тықпалап отырған идеясы?
Сайт әкімшілігі 01.12.2020, 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04