Лениннің туған күні атаусыз қалмайды
Әлем пролетариаттарының көсемі болып есептелген Владимир ЛЕНИННІҢ туған күні атаусыз қалмайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ мәжілісте айтты, — деп жазды
kazpravda.kz басылымы.Ленин жайлы әңгіме мәжілістің пленарлық отырысында «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» туралы заң жобасы талқыланып жатқанда шыққан. Қазақстан Коммунисттік халықтық партиясының депутаты Владислав КОСАРЕВ Мәдениет және спорт министрлігінің совет кезіндегі ескерткіштерді сақтап қалу керектігін айтқан.
«Совет замандағы ескерткіштердің сақталып қалуына моральдық жауапкершілік бар ма? Ленин ескерткіші қоқыста жатқан қалада тұруға болмайды ғой», — деген мәжіліс депутаты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәжілісменді сабырға шақыра жауап берді.
«Өзгеше сұрағыңызға рақмет. Дұрыс айтасыз. Кезінде: «Ленин жил, Ленин жив, Ленин будет жить»деген ұран болған. Рахмет айтуымыз керек. Бізде ол ескерткіштер сақталып келеді. Мәселен Алматыдағы Сары-Арқа паркінде тұр. Ол жерге баруыңызға болады», — деп жауап берді министр. Сондай-ақ, министр Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, 22 сәуір күні барлығымыз сол жерден табылуымыз керек деді.Фото:
azattyq.org
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
11.08.2022, 18:13
Сыр өңірінде құрылысшылар күніне орай бірнеше ірі нысанның іргетасы қаланды
Сайт әкімшілігі
11.08.2022, 09:23
"Олар диагноз қоя алмайды", Алматы облысында тұрғындар аурухана дәрігерлеріне шағымданды
Сайт әкімшілігі
10.08.2022, 16:50
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сайт әкімшілігі
10.08.2022, 10:43
Ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр
Сайт әкімшілігі
09.08.2022, 09:07
Алматыда Түрксіб ауданы қоқыстан арылмай тұр (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты