Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр

Сайт әкімшілігі

29.11.2021, 08:32

510

Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті қыркүйек айында бас лицензиясынан айырылған болатын. Содан бері университет басшылығы студенттеріне құжаттарын бермеген. Бүгін университет алдында ата-аналар мен студенттер бас көтеріп, наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ата-аналар мен студенттер университет құжаттарын қайтарып берсін дейді. Ал құжат алу үшін білім мекемесі 3 айлық оқу үшін ақы төлеу қажет деп талап қойыпты. Ашынған ата-аналар орта жолда қалдырып кеткендердің әрекетін түсіне алмай дал.

«Университеттің жабылғанын біз күні кеше ғана естіп отырмыз. Бір ай бойы ешкім айтпады, хабарын естімедік. Студенттер әрмен қарай оқуын қайда жалғастыратынын өздері табу керек екен. Бұл не мазақ? Менің қызым 4-ші курста оқиды. Жақында диплом жұмысын жазуы керек. Жарайды, басқа университет табармыз. Бірақ құжаттарды беру үшін үш ай оқытқандарына 100 мың теңге төле деп отыр. Қыркүйек, қазан, қараша айлары үшін. Бірақ оқу 13 қыркүйекте басталып, 19 қазанда аяқталды», – дейді ата-аналардың бірі.

Бір қызығы, лицензиясынан айырылған университет басшылығы ата-аналарға әрмен қарай не істеу керектігін айтуды жөн деп таппаған. Орта жолға келгенде сандалып қалған студенттер де қайда барарларын білмейді. Әне-міне диплом аламын деп отырғандарға тіптен қиын.

Студенттердің көпшілігі оқу ақысының толық төлемін жазда өтеп тастапты. Енді олар құжаттардан бөлек ақшаларын да қайтара алмайды.

«Балаларға обал болды. Ал университет басшылығы бізбен кездесуге келмейді. Ұлымды басқа университет қабылдауға дайын. Құжаттарын өткізейік десек мыналар бермей отыр. Орта жолда лақтырған бұларға мен не үшін төлеуім керек? Келісімшартты бұзған бұларға жаза бар ма, жоқ па?», – дейді Марат Мұсақанов.

Ал Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің басшылығы бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. 

Тегтер: лицензия ЖОО унивеситет білім талап құжат келісімшарт

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40