Майгүлдің "майшелпегі"

Әділ АҚЫЛБАЙ

04.02.2021, 10:44

2119

Қазақ жемқорларының тарихына тағы бір қызық эпизод енді. Алматы облысында айтуға тұрарлық ірі жемқорлық қылмысы бойынша үлкен тергеу басталды.

       Ақпан айының басында ҰҚК департаменті мен облыстық арнайы тергеу прокуратурасы бірлесіп, бұған дейін Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша «Алматы облысының білім басқармасы» ММ басшысы, 1969 жылы туған Омарова Майгүл Тілеутайқызы, 1992 жылы туған, «Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Менлыбаев Арапби Айдынұлы және 1989 жылы туған, Алматы облысының білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Абдолданова Бақыт Сағатқызының жемқорлық әрекеттерін әшкереледі.

        Тергеушілерден жеткен дерек бойынша бұл үшеуі өзара алдын ала келісіммен 1 ақпан күні «Азим», «Lazer», «LapTop», «LuckCom», «Алмас», «Кыдыралинов» Нукенова Н.Ж. деген бірнеше жеке кәсіпкерлік нысандарының өкілінен 37 миллион 650 мың теңге пара алған. Аса ірі көлемдегі пара 2020 жылдың қазан-қараша айларында аталған кәсіпорындармен бір көзден мемлекеттік сатып алу әдісімен 406 миллион теңгеге 2522 дана ноутбук алу туралы келісімшарт жасасқаны үшін және жеткізілген ноутбуктерді кедергісіз қабылдау үшін алынған. Ноутбуктер пандемия жағдайында Алматы облысының орта білім мекемелерінде қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында алынған.        Жүргізілген тінту кезінде қолма-қол ақшалай айғақ зат – 37 миллион 450 мың теңге табылып, тәркіленді. Қазір күдікті Омарова Майгүл Тілеутайқызы, Менлыбаев Арапби Айдынұлы және Абдолданова Бақыт Сағатқызы Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған.

       Параны өз қолымен берген кім десеңіз, ол да Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының қызметкері екен. Жоғарыда аталған «Азим», «Lazer», «LapTop», «LuckCom», «Алмас», «Кыдыралинов» деген ИП-лардың өкілі болған – 1992 жылы туған Нүкенов Нұрлан Жанатұлы. Ол облыстық білім басқармасының бас маманы Абдолданова Бақытқа 30 қаңтарда «Kaspi Bank» АҚ арқылы 200 000 теңге және 1 ақпанда 37 450 000 теңге аударған. Бұл ақша басқарма басшылығының арасында бөліске түсуі тиіс болған.

Тегтер: білім қаражат мемлекет мәселе онлайн оқу жоба ғалам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр
Мариям МАҚСАТ 03.03.2021, 09:44
«Біз қуыршақ емес, кеудемізде жанымыз бар адамбыз!»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.03.2021, 09:26
«Бутаковканы» бұтақтап жатқандардың бетпердесі ашыла ма?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 02.03.2021, 13:22
Ахметовтің есебі бір басқа, елдің білетіні бір басқа
Сайт әкімшілігі 01.03.2021, 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50