Мамин әкімдерге бірқатар тапсырмалар берді

24.12.2019, 09:37

88

ҚР премьер-министріАсқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында ауа-райының қолайсыздығынабайланысты жолдардағы жағдай қаралды.

Ішкіістер министрі Е. Тұрғымбаев осы жылдың 16-22 желтоқсан аралығында елімізде 104жол-көлік оқиғасы тіркеліп, солардың салдарынан 39 адам қаза тауып, 158 адамтүрлі дене жарақаттарын алғанын айтты.

Ауа-райыжағдайлары жолдардағы жағдайға кері әсерін тигізді. Температураның нөлградусқа дейін күрт көтерілуі және соның салдарынан көктайғақтыңқалыптасуы, сонымен қатар жаңбыр мен қардың жаууының, тұманның әсерінен жолдыңкөрінуінің шектелуі — қала сыртындағы жолдардағы апаттылықтың артуына әкеліпсоқты.  

Өткенаптада полиция төтенше жағдайлар бөлімшелерімен және «Қазавтожол» ҰК» АҚ-менбірге 11 облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда көлікқұралдарының қозғалысын шектеді.

Жалпыұзындығы шамамен 7,5 мың шақырым болатын республикалық маңызы бар жолдардың 57учаскесі жабылды (7,272 км).

Еңқиын жағдай Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарындабайқалды.

Ішкіістер органдары коммуналдық қызметтермен және жергілікті атқарушы органдарменбірлесіп, кептелістерді жою, жолдарды тазарту, инертті материалдарды себу,эвакуациялау және азаматтарға шұғыл көмек көрсету шараларын орындады.

Шамамен1 мың автомашина кептелісте қалған, барлығы қар құрсауынан 120-дан астамавтомашина мен 900-ден астам адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған азаматтаржақын маңдағы елді мекендерде орналасқан жылыту пункттеріне орналастырылды.Өңірлерде азаматтарға көмек көрсету үшін жедел штабтар құрылды.

Адамдардықұтқаруға ТЖК-нің 200-ден астам қызметкері мен 300 полиция қызметкері, 170бірлік құтқару техникасы мен полиция машиналары, сондай-ақ жергілікті атқарушыоргандар мен жол қызметтерінің арнайы техникалары тартылған.

Қазіргіуақытта Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Павлодар,Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында күрделі жағдай сақталуда.

«Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өтемаңызды мәселе. Таяу уақытта, болжам бойынша, алда борандар болып, ауатемпературасы төмендейді. Барлық қызметтер бұған дайын болуы керек», -деді Мамин.

Үкіметбасшысы өңірлердің әкімдіктеріне жолдарда жылыту және тамақтандыру пункттерінұйымдастыруға жәрдемдесуді тапсырды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Қазавтожолғажолдарды қардан және мұздан тазартуға техниканы барынша тартуды тапсырамын. ҚРІІМ автотрассаларда кезекшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысынжалғастырсын», — деді мемлекет басшысы.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51