Мамин енді медициналық құралдар мен дәрі тапшылығы болмайды деп сендірді

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 04:31

1174

Үкімет басшысы Асқар Мамин күзде вирусты аурулар мен тұмау жұқтыру жағдайларының арту ықтималдығына байланысты қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді.

 «Қабылданған шаралардың арқасында елде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанды. Коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмонияның тәуліктік өсуі 0,5 пайыз шегінде. Бүгінгі таңда осы инфекцияны жұқтырған адамдардың 94 пайызы емделіп шықты. Инфекцялық ауруханалардың жүктелуі 15 пайызы ғана. Коронавирус инфекциясына байланысты жедел жәрдем шақыру 80 пайызға дейін төмендеді», — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша ауру жұқтырғандардың санын азайтып, медициналық көмек тиімділігін жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданған.

«Өздеріңіз білетіндей күзде вирусты аурулар мен тұмау жұқтыру жағдайлары артады. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап халыққа тұмауға қарсы вакцина салу басталады. Өңірлерде 12 инфекциялық аурухана салынып жатыр. 2 стационар қайта жаңартылуда. Жалпы ауруханалардағы орындардың санын 50 мың орынға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ауылды жерлердегі медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жедел жәрдем автокөліктерімен және барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Жеке қорғану құралдары мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры жасалды. Тапшылық болмайды», — деді ол.

Үкімет басшысы одан бөлек тамыз айынан бері ауруханаларда вирусты инфекциядан емделу үшін халыққа тегін дәрі-дәрмек беріліп жатқанын мәлім етті.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31