Мамыр айында Медициналық сақтандыру қорына 8,5 млрд теңгеден астам жарна түсті

05.06.2018, 17:29

304

Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 8,5 млрд теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген медициналық сақтандыру жарнасының көлемі шамамен 71,9 млрд теңгені құрап отыр.Атап айтқанда, 63,4 млрд теңге (88,2% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,5 млрд теңге (11% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.Аймақтар арасында жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап тұр.Жинақталған жарна Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, делінген хабарламада.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар
Сайт әкімшілігі 25.05.2022, 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47