14.12.2020, 11:47
1038
Маңғыстау облысында «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі хабарлады.
Төтенше жағдай 14 желтоқсанда таңғы сағат 04.30-да болған.
«Осы уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданындағы № 464 айырығында № 109 „Маңғышлақ-Ақтөбе“ жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығы, „ҚазмұнайТеңіз“ МӨҚҚ, „ҚТЖ“ ҰҚ АҚ 30 маманы мен 7 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілді», — делінген хабарлама.
Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР