Маңғыстау облысы ТЖД су тасқыны салдарымен күресуде

Сайт әкімшілігі

05.04.2022, 22:57

855

Өңірлердегі су тасқыны жағдайы қазіргі таңда толығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. 

Мәселен кеше ғана төтенше жағдай салдарын жою үшін Маңғыстау облысына осы өңірдегі Төтенше Жағдайлар Департаментіне қарасты  43 қызметкер мен  4  техника, 2 жүзу құралы және 6 су соратын мотопомпа жұмылдырылды. Осы аймаққа қарасты Төтенше жағдайлар қызметі мамандары «Су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың қаупін азайту мақсатында Маңғыстау облысының жедел тобы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала кентінің аумағында 2500-ден астам инертті материалдары бар 3500-ден астам қаптар төседі, 6000 текше метрден астам су сорылды, 7 су тасқыны қауіпті учаскелердегі арналарды кептелістерден тазарту жүргізілді, 400 тұрғын үйден және аула алдындағы құрылыстардан еріген суды бұру жүргізілді. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы аумағында елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 1200 қап инертті материалдар төселді және 1000 қап төселді. Еріген судың жиналуы нәтижесінде ауданның жекелеген елді мекендерінің тұрғындары үмітсіз және қиын жағдайда қалды, оларға жедел топ қызметкерлері эвакуациялау бойынша көмек көрсетті. Оның ішінде перзентханаға жіберілген 20 әйел эвакуацияланды» дейді Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары подполковник Абдикадыров Бекболат Каирбекұлы.

Сондай ақ 4 500 қап салып, 3 700 қапты төсеуге дайындаған. 6 000 текше метр еріген қар суы сорылып,  азаматтық тұрғындарды эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілген. Батыс қазақстан облысы ТЖД іс-қимылдарын үйлестіру және жағдайды талдау мақсатында аталған аудандарда жедел штабтар құрылып, су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг ұйымдастырылуда. Төтеншелік мамандар ауа райының құбылуына орай қауіп сейілмегенін айтады. Сәйкесінше төтеншелік мамандар да әзірге көмекке ұмтылуға дайын тұр. 

Ерзия Ерсұңқар

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27