Маңғыстау облысында жас жұбайлар некелерін қидыра сала бірден дауыс беруге барды

Сайт әкімшілігі

20.11.2022, 17:10

748

Ақтаудағы №253 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 

Некеге тұрған ерлі-зайыптылар үшін 20 қараша естен кетпес ерекше күн. Олар осы күні шаңырақ көтерумен қатар, отбасы ретінде бірге дауыс берді. 

Шаңырақ көтерген Саламат Жаманбай мен Динара Қырым осы күнге сәйкес келген президенттік сайлау күнін елеусіз қалдырған жоқ. Ресми түрде Неке сарайындағы рәсімнен соң №253 сайлау учаскесіне асыққандарын айтады. Сайлауда оларды көпшілік ерекше құрметпен қарсы алды.  Дауыс беруден кейін жас отбасының отағасы өзінің дұрыс таңдау жасағаны туралы пікір білдірді.  – Президент сайлауы — бұл әр адам үшін өмірдегі маңызды күн. Бұл күні әркім өзінің азаматтық таңдауын жасайды. Бірінші кезекте, еліміздің әрбір азаматы өзі таңдаған үміткерге дауыс берді. Бір еліміздің патриоты ретінде бұл күнді назардан тыс қалдырған жоқпыз», — деді Саламат Жаманбай.   

Ақтаудағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін жас келін Динара Өз кезегінде келін атанған Динара сайлаудан үнемі қалыс қалмайтынын тілге тиек етті. 

— Біздің некеге тұрған күніміз Президент сайлауымен тұспа-тұс келді. Біз жас отбасы ретінде өзіміздің сайлау уческемізге келіп таңдау жасауды дұрыс деп шештік. Өзіміздің қалауымызға қарай дұрыс таңдау жасадық деп санаймын, — деді Динара Қырым.

Жас жұбайлар сайлау учаскесінің мүшелері мен сондағы жиналғандарды кешке өтетін үйлену тойларына шақырды. 

№253 сайлау учаскесінің төрағасы Берді Қазиевтің сөзінше, аталған нысанға дауыс беру үшін 2 614 адам тіркелген. Олардың арасында 22 азамат алғаш рет дауыс беруге қатысқан. Сонымен бірге, 47 адамның жасы жетпістен асқан. Ал мүмкіндігі шектеулі үш адам дауыс беруге үйінде отырып қатысты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43